
Хабарландыру!
«Алматы электр станциялары» АҚ ҚР ЭК 96-бабының талаптарына сәйкес, 2026 жылдың 21 тамызында сағат 11:00-де Алматы қ., 7-көше, 130-үй мекенжайындағы «АлЭС» АҚ 2-ЖЭО аумағындағы химиялық цехтың акт залында (307-каб.) «АлЭС» АҚ 2-ЖЭО өндірістік департаменті үшін Кешенді экологиялық рұқсат алу мақсатында әзірленген құжаттардың жобалары (ЖБШН, ЖБТН, ҚББ, ӨЭБ бағдарламасы, Технологиялық нормативтер жобасы, Экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасының жобасы) бойынша ашық жиналыс нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.
Жобалық құжаттама пакетімен Қазақстан Республикасы қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкінде https://ndbecology.gov.kz/, сондай-ақ Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-eco/press/article/1?activities=26476 сілтемелері арқылы танысуға болады.
Учаскенің географиялық координаттары - 43,2389 с.е., 76.8490 ш.б., ал әсер ету аумағының географиялық координаттары Алатау ауданы - 43.3004 с.е., 76.8353 ш.б.
Барлық ескертулер мен ұсыныстар қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы қоршаған орта және табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкінде, сондай-ақ келесі мекенжай бойынша қабылданады: Алматы қ., Республика алаңы, 4, тел.: +7 (727) 338-31-88 , электрондық пошта: uprirp@mail.ru. Веб-сайтқа сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-eco?lang=ru
Төтенше жағдай режимі енгізілген және (немесе) шектеу шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар орын алған жағдайда, қоғамдық тыңдаулар онлайн форматта өткізіледі.
Белсенді сілтеме Қазақстан Республикасы қоршаған орта және табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкінде және Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының сайтында орналастырылады.
Онлайн қосылу сілтемесі:
https://us04web.zoom.us/j/74073421392?pwd=QrKnwPbCmZSRtNyVRB8aVqHSHvKQGa.1
Конференция идентификаторы: 740 7342 1392
Рұқсат коды: QMHe9D
Бастамашының деректемелері: БСН 060640001713, Алматы қ., Медеу ауданы, Достық даңғылы, 7, байланыстағы тұлға: Арзюкова Зоя, e-mail: zarzyukova@ales.kz , тел.: 8 (727) 2540-327, 2540-473.
Әзірлеушінің деректемелері: «Институт «КазНИПИЭнергопром» АҚ, заңды мекенжайы: Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 58А, БСН 910840000078, байланыстағы тұлға: Нестерова Юлия, e-mail: u.nesterova@knep.kz , 8 701 210 98 00.
Қосымша ақпаратты келесі байланыс деректері арқылы алуға болады: zarzyukova@ales.kz, тел.: 8 (727) 2540-327, 2540-473.