Лого

Меню

Страницы

Статья

"Алматытеплокоммунэнерго"жауапкершілігі шектеулі серіктестігі"жобалар шығарындыларға жол берілетін нормативтер (НДВ), экологиялық бақылау бағдарламасы (ПЭК), қалдықтарды басқару бағдарламасы (ПББ), ППМ, Алматы қ., Әуезов ауданы,

ХАБАРЛАНДЫРУ!
Құрметті тұрғындар!

«Алматытеплокоммунэнерго» ЖШС Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 96-бабының талаптарына сәйкес 2026 жылғы 17 шілдеде сағат 16:00-де Алматы қаласы, Рысқұлбеков көшесі, 39а мекенжайындағы акт залында Әуезов ауданы бойынша ашық жиналыс нысанындағы қоғамдық тыңдаулар өтетінін хабарлайды.
Қоғамдық тыңдаулар келесі жобалар бойынша өткізіледі: Рұқсат етілген шығарындылар нормативтері (РЕШН), Экологиялық бақылау бағдарламасы (ЭББ), Қалдықтарды басқару бағдарламасы (ҚББ), Өндірістік мониторинг бағдарламасы (ӨМБ).
Материалдар Алматы қаласының тұрғындары мен өнеркәсіп кәсіпорындарын жылу энергиясымен және ыстық сумен қамтамасыз ететін «Орбита» қазандығы үшін экологиялық әсер етуге рұқсат алу мақсатында әзірленген.
Объектінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, көш Рыскулбекова, 43 ,.
Ең жақын елді мекен – Алматы қаласы.
Әсер ету аумағының географиялық координаттары: 43°12'17.20"С 76°52'8.95"Ш
Учаскенің географиялық координаттары: 43°12'17.20"С 76°52'8.95"Ш
Қоғамдық тыңдаулар 2026 жылғы 17.07.2026 ж. сағат 16:00-да аралас форматта өткізіледі:
ашық жиналыс түрінде: Алматы қаласы, Рысқұлбеков көшесі, 39А, акт залында;
ZOOM қосымшасын пайдалана отырып бейнеконференция арқылы.
ZOOM бейнеконференциясына онлайн қосылу сілтемесі:
https://us04web.zoom.us/j/78952628256?pwd=u152Mt7F4Hrqbbk2wFfZnxIdd54L6e.1 
Жиналыс идентификаторы: 789 5262 8256 . Қол жеткізу коды: LPH2AR
Қатысушыларды тіркеу қоғамдық тыңдаулар басталғанға дейін 30 минут бұрын жеке куәлік бойынша жүзеге асырылады (жеке куәлікті өзіңізбен бірге алып келу қажет).
Шектеу шаралары, оның ішінде карантин енгізілген жағдайда, қоғамдық тыңдаулар тек ZOOM қосымшасы арқылы онлайн режимде өткізілетін болады.
Барлық мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырамыз.
Материалдармен Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі www.ndbecology.gov.kz  сайтында танысуға, сондай-ақ Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасынан сұратуға болады: мекенжайы – Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, электрондық пошта: uprirp@mail.ru . Ссылка на сайт https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-eco 
Барлық ескертулер мен ұсыныстар қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын www.ndbecology.gov.kz  сілтемесі арқылы және Алматы қаласы, Республика алаңы, 4 мекенжайы, электрондық пошта: uprirp@mail.ru  арқылы қабылданады.
Қосымша ақпаратты келесі электрондық пошта және телефон нөмірлері арқылы алуға болады: «EcoProf KZ» ЖШС – info@ecoprofkz.kz , +7 (7212) 41-61-91.
Жоспарланып отырған қызметтің бастамашысы – «Алматытеплокоммунэнерго» ЖШС, БСН 931240001318. Тіркелген мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Масанчи көшесі, 48А, тел.: +7 708 972 83 91, e-mail: energy@atke.kz .

Жалпы

Хабарландыру

Хаттама

Дата публикации
17 июня 2026
Дата обновления
22 июля 2026
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
2026 жылы Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарлама
20 октября 2026
«Shaban Caia» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Алматы қаласы, Алатау ауданы, Алғабас шағынауданы, 7-көше, 134/6 учаске мекенжайында орналасқан өндірістік базасына арналған «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі
20 октября 2026
Товарищество с ограниченной ответственностью ""Invest Time"" Проект "Охрана окружающей среды" для объекта "Строительство многоквартирного жилого комплекса с объектами обслуживания и подземным паркингом, расположенного в г. Алматы, р-н Ауэзовский, мкр. Сайран, д.17. (Со сносом существующих строений) (без наружных инженерных сетей и благоустройства)"

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы