
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Құрметті тұрғындар!
«Алматытеплокоммунэнерго» ЖШС Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 96-бабының талаптарына сәйкес 2026 жылғы 17 шілдеде сағат 10:00-де Алматы қаласы, Рысқұлбеков көшесі, 36, 4-қабат, 14-кабинет мекенжайында Бостандық ауданы бойынша ашық жиналыс нысанындағы қоғамдық тыңдаулар өтетінін хабарлайды.
Қоғамдық тыңдаулар келесі жобалар бойынша өткізіледі: Рұқсат етілген шығарындылар нормативтері (РЕШН), Экологиялық бақылау бағдарламасы (ЭББ), Қалдықтарды басқару бағдарламасы (ҚББ), Өндірістік мониторинг бағдарламасы (ӨМБ).
Материалдар «Орбита» қазандығы үшін экологиялық әсер етуге рұқсат алу мақсатында әзірленген. Аталған өндірістік алаң Алматы қаласының тұрғындары мен өнеркәсіп кәсіпорындарын жылу энергиясымен және ыстық сумен қамтамасыз етеді.
Объектінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, көш Рыскулбекова, 43.
Іске асыру кезеңі: 2027–2036 жылдар.
Ең жақын елді мекен – Алматы қаласы.
Әсер ету аумағының географиялық координаттары: 43°12'17.20"С, 76°52'8.95"Ш.
Учаскенің географиялық координаттары:43°12'17.20"С, 76°52'8.95"Ш.
Қоғамдық тыңдаулар 2026 жылғы 17 шілдеде сағат 10:00-де аралас форматта өткізіледі:
– ашық жиналыс түрінде: Алматы қаласы, Рысқұлбеков көшесі, 36, 4-қабат, 14-кабинет мекенжайында;
– ZOOM қосымшасы арқылы бейнеконференция форматында.
ZOOM бейнеконференциясына қосылу сілтемесі:
https://us04web.zoom.us/j/77650961989?pwd=JaGCUpe78avD0bwyYPCCLMBPxhiq7v.1
Жиналыс идентификаторы: 776 5096 1989 . Қол жеткізу коды: BG4JgC.
Қатысушыларды тіркеу қоғамдық тыңдаулар басталғанға дейін 30 минут бұрын жеке куәлік бойынша жүргізіледі (өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы қажет).
Шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген жағдайда қоғамдық тыңдаулар тек ZOOM қосымшасы арқылы онлайн режимде өткізіледі.
Барлық мүдделі тұлғаларды қоғамдық тыңдауларға қатысуға шақырамыз.
Жоба материалдарымен Қоршаған ортаның жай-күйі және табиғи ресурстар туралы ұлттық деректер банкінде www.ndbecology.gov.kz сайтында танысуға, сондай-ақ Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасынан сұратуға болады мекенжайы Алматы қаласы, Республика алаңы, 4,электрондық пошта: uprirp@mail.ru. Веб-сайтқа сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-eco
Барлық ескертулер мен ұсыныстар қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын www.ndbecology.gov.kz сайты арқылы немесе келесі мекенжай бойынша қабылданады:
Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, электрондық пошта: uprirp@mail.ru.
Қосымша ақпаратты келесі байланыс деректері бойынша алуға болады: «EcoProf KZ» ЖШС, e-mail: info@ecoprofkz.kz, тел.: +7 (7212) 41-61-91.
Жоспарланып отырған қызметтің бастамашысы:«Алматытеплокоммунэнерго» ЖШС,
БСН 931240001318.Тіркелген мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Масанчи көшесі, 48А., Тел.: +7 708 972 83 91.E-mail: energy@atke.kz.
Әзірлеуші:«EcoProf KZ» ЖШС, БСН 131240019006.
Заңды мекенжайы: M01F2B4, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы, Аманжолов көшесі, 17/3 үй, 1-тұрғын емес үй-жай.Тел./факс: +7 (7212) 41-61-91.E-mail: info@ecoprofkz.kz.