
Қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарландыру
«Алматы электр станциялары» АҚ ҚР ЭК 96-бабының талаптарына сәйкес 2024 жылдың 27 қыркүйегінде сағ. 11:00-де «Алматы қ., 7-көше, 130-үй мекенжайындағы 2-ЖЭО «АлЭС» АҚ аумағындағы химиялық цехтың акт залында (307-каб.) «Энергожөндеу» ӨЖК үшін «Рұқсат етілген шығарындылар нормативтерінің жобасы, Қалдықтарды басқару бағдарламасы және Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы» бойынша ашық жиналыс түріндегі қоғамдық тыңдаулардың өтетінін хабарлайды.
Жобалық құжаттама пакетімен Бірыңғай экологиялық https://ecoportal.kz/ порталында, сондай-ақ Алматы қ. Экология және қоршаған орта басқармасының сайтында танысуға болады.
Учаскенің географиялық координаттары – 43,2389 с.е. және 76.8490 ш.б. және әсер ету аймағының географиялық координаттары Алатау ауданы - 43.3004 с.е., 76.8353 ш.б.
Барлық ескертулер мен ұсыныстар Бірыңғай экологиялық порталда қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей, сондай-ақ Алматы қ., Республика алаңы, 4 мекенжайы, +7 (777) 068-56-38 тел., u.prirp@almaty.gov.kz электрондық мекенжайы бойынша қабылданады.
Төтенше жағдайдың және (немесе) шектеу іс-шараларының, оның ішінде карантиннің, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-ның енгізілуі жағдайында қоғамдық тыңдаулар онлайн-режимде өткізіледі.
Белсенді сілтеме Бірыңғай экологиялық порталда және Алматы қ. Экология және қоршаған орта басқармасының сайтында ұсынылатын болады.
Ссылка на онлайн подключение:
https://us05web.zoom.us/j/84551206945?pwd=5078kOjNrTgbvvC0q9bdMk9V7dpI3b.1
Идентификатор конференции: 845 5120 6945
Код доступа: 5kbAvT
Бастамашының деректемелері: БСН 060640001713, Алматы қ., Медеу ауданы, Достық даңғылы, 7, байланыстағы тұлға: Арзюкова Зоя e-mail: zarzyukova@ales.kz, 8 (727) 2540-327, 2540-329.
Әзірлеушінің деректемелері: "ЭКОСЕРВИС-С" ЖШС, заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Толе би көшесі, 202 А-үй, 408 пәтер, БСН 020140000105, байланыс тұлғасы: Айжан Серимбетова, тел.: 8 (727) 250-3320.
Қосымша ақпаратты zarzyukova@ales.kz электрондық мекенжайы және 8 (727) 2540-327, 2540-329 телефондары арқылы алуға болады.