Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматыда Қозы Көрпеш-Баян Сұлу күні мыңнан астам ағаш отырғызылды

Алматыда «Алматы - біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында Қозы Көрпеш - Баян Сұлу күніне орайластырылған ағаш отырғызылды. Іс-шара барысында аудан әкімдіктері мыңнан астам ағаш отырғызды.

Экология және қоршаған орта басқармасы көшеттерді қамтамасыз ету бойынша қолдау көрсетті. Қылқан жапырақты көшеттер, сондай-ақ шаған, сәнағаш, қарағаш, үйеңкі, қараған, қайың, алма және терек берілді.

Аталған эко іс-шара Алматы қаласының барлық ауданын қамтыды: Алатау ауданында 30 ағаш, Алмалы ауданында - 15, Әуезов ауданында - 200, Бостандық ауданында - 100, Жетісу ауданында - 340, Медеу ауданында - 45, Наурызбай ауданында - 200 және Түрксіб ауданында - 160 ағаш отырғызылды.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 8 сәуірі мен 8 мамыры аралығында қалада «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны жарияланды. Мегаполистің әрбір тұрғынын экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларға қатысуға, сондай-ақ экологиялық жобаларды қолдауға шақырамыз.

Толық ақпарат almaty.kz сайтында және Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде жарияланған

Дата публикации
16 апреля 2024
Дата обновления
16 апреля 2024
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
2026 жылы Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарлама
20 октября 2026
«Shaban Caia» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Алматы қаласы, Алатау ауданы, Алғабас шағынауданы, 7-көше, 134/6 учаске мекенжайында орналасқан өндірістік базасына арналған «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі
20 октября 2026
Товарищество с ограниченной ответственностью ""Invest Time"" Проект "Охрана окружающей среды" для объекта "Строительство многоквартирного жилого комплекса с объектами обслуживания и подземным паркингом, расположенного в г. Алматы, р-н Ауэзовский, мкр. Сайран, д.17. (Со сносом существующих строений) (без наружных инженерных сетей и благоустройства)"

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы