Автомобиль көлік құралдарынан шығарындыларды мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы

«Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 9-28) тармақшасына сәйкес Алматы қаласының        әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Автомобиль көлік құралдарынан шығарындыларды мониторингтеу қағидалары бекітілсін.
  2. Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Осы қаулының Алматы қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру.

  1. «Автомобиль көлік құралдарынан шығарындыларды өлшеуді жүзеге асыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 1 ақпандағы № 1/56 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1716 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Дата публикации
24 декабря 2024