
«Алматы қаласы тұрғындары арасындағы экологиялық марафон» «ЭкоМарафон»
Мақсаты:
Қоршаған ортаға, қалаға және бір-біріне ұқыпты қарау деңгейін арттыру. Экологиялық ойлауға үйрету және экологиялық әдеттерді тәрбиелеу. Азаматтардың «жасыл экономика» мәселелерінен хабардар болуын мен саналығын арттыру.
Міндеттері:
• Қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарау жөнінде промо-роликтер дайындау;
• Экологиялық мәселелер жөнінде әлеуметтік желілерде және пабликтерде жарнамалар орналастыру;
• Жобаны іске асыруға танымал блогерлерді тарту;
• Экомарафонның өту барысын ведомстволық сайттарда, мекемелер сайттарында, достық сайттарында орналастыру;
• Экомарафонның сыртқы жарнамасын орналастыру;
• «Жасыл экономика» идеяларын насихаттау;
• Экологиялық өмір салтының сарапшыларымен – шақырылған қонақтармен бейне конференциялар, тікелей эфирлер өткізу;
• Кем дегенде 4 оффлайн-іс-шарасын өткізу;
• Экологиялық идеялардың конкурсын өткізу.
Күтілетін нәтижелер мынадай: қала тұрғындарының экологиялық білім деңгейін арттыру, тұрғындардың экологиялық ой-санасын, дағдысын қалыптастыру, қала аумақтарының санитариялық жағдайын жақсарту және экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында іске асыруды қажет ететін экожобалар идеясының тізбесін жасау.