
Ұстаздар күні құтты болсын!
Ұстаз – ұрпаққа білім беріп қана қоймай, олардың бойына адамгершілік, ізгілік пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыратын ардақты тұлға. Ұстаздың еңбегі – елдің ертеңіне жасалған ең қымбат инвестиция.
Барша ұстаздарға еңбектеріңізге толағай табыс, мықты денсаулық, шығармашылық шабыт және шәкірттеріңіздің жетістігін көру бақыты тілейміз!
Ұстаздар күні құтты болсын! 🌷
Қырғызстанда діни тақырыптарды қамтитын блогерлер мен контент авторлары үшін жаңа талаптар енгізілуде Бұл туралы "Биринчи радиосы" эфирінде Қырғызстан Президенті жанындағы Дін істері және этносаралық қатынастар жөніндегі Ұлттық агенттіктің бас маманы Нұрғазы Қырғызбаев мәлімдеді Оның айтуынша заңнамада "діни уағызшы" термині пайда болған Діни тақырыптағы подкасттар бейнероликтер мен жарияланымдар жасамас бұрын автор Қырғызстан мұсылмандарының діни басқармасына жүгінуі керек Бұл кезеңде діни білімді растау және блог жүргізілетін бағытты анықтау қажет Мақұлданғаннан кейін автор дін істері және этносаралық қатынастар жөніндегі ұлттық агенттікке ұзарту мүмкіндігімен бір жыл мерзімге арнайы куәлік алу үшін өтініш береді Дұрыс емес ақпарат таратылған немесе заңнама бұзылған кезде куәліктің күші жойылуы мүмкін Ведомство өкілінің өтінішіне сәйкес оны қайта алу мүмкін болмайды Осылайша жаңа талаптар интернеттегі діни мазмұнның әртүрлі форматтарына подкасттарға бейнелерге жазбаларға және басқа жарияланымдарға қолданылады
Жаңа оқу жылы – бұл тек жаңа пәндер мен білім ғана емес, сонымен қатар жаңа ақпарат ағындарының басталуы.
Әлеуметтік желілер күн сайын бізге орасан зор көлемдегі контент ұсынады. Алгоритмдер біздің қызығушылықтарымызға бейімделіп, біртіндеп ақпараттық «көпіршік» қалыптастыруы мүмкін. Яғни біз өзімізге таныс пікірлер мен көзқарастарды ғана жиі көретін ақпараттық орта пайда болады.
Жастар үшін қалыптасқан ақпараттық ортадан шыға білу, ақпарат көздерін тексеру, әртүрлі көзқарастарды салыстыру және ақпаратты тек күшті эмоция тудырғаны үшін қабылдамау аса маңызды.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 2026–2027 оқу жылы қарсаңында мектеп формасына қойылатын негізгі талаптарды еске салды.
Ведомствоның мәліметінше, Қазақстанда дін мемлекеттен бөлінген, ал білім беру жүйесі зайырлы сипатта.
Қолданыстағы талаптарға сәйкес:
🔹 мектеп формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді;
🔹 форманың үлгісін білім беру ұйымы ата-аналар комитеті, қамқоршылық кеңес және мектептің өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп айқындайды;
🔹 ата-аналар мектеп формасын кез келген сауда желісінен сатып алып, өндірушіні өздері таңдай алады;
🔹 білім беру ұйымдарына белгілі бір өндірушіге басымдық беруге жол берілмейді;
🔹 мектеп формасы қауіпсіздік талаптарына сай болуы тиіс.
Министрлік сондай-ақ әлеуметтік осал санаттағы отбасылардың балаларына мектеп формасын, аяқ киім мен оқу құралдарын сатып алуға «Жалпыға бірдей білім беру» қоры арқылы мемлекеттік қолдау көрсетілетінін хабарлады.
📌 Жаңа оқу жылында мектеп формасына қатысты талаптарды алдын ала біліп, белгіленген тәртіпті
Балалардың цифрлық қауіпсіздігі мәселесі бүгінде көптеген елдерде күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің біріне айналып отыр. Әлеуметтік желілер, цифрлық платформалар мен алгоритмдер өскелең ұрпақтың мінез-құлқына, қарым-қатынас ортасына және дүниетанымына барған сайын белсенді ықпал етуде.
Астанада өткен Педагогтердің тамыз конференциясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев балаларды цифрлық ортада қорғаудың қолданыстағы тәсілдерін қайта қарау қажеттігін атап өтті.
Қазақстанда 16 жасқа толмаған пайдаланушылардың әлеуметтік желілерде тіркелуіне тыйым салуды көздейтін заң жобасы әзірленді. Маусым айында аталған құжат Парламентке енгізілді.
Мұндай шаралар басқа елдерде де қабылданып немесе қарастырылып жатыр. Мәселен, Австралияда 16 жасқа толмаған пайдаланушыларға шектеу енгізілді, Францияда 15 жас шегі белгіленген, ал Жаңа Зеландияда 16 жасқа толмаған балаларды қорғауға бағытталған заңнамалық шаралар әзірленуде.
Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Алматы қаласының Дін істері жөніндегі басқармасында мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызмет саласында абыройлы еңбек етіп, өз міндеттерін жоғары жауапкершілікпен атқарып жүрген әріптестерімізге құрмет көрсетілді.
Кәсіби мереке қарсаңында Басқарманың бөлім басшысы Рысбек Тоқжан Жанболатқызы мемлекеттік қызметті дамытуға қосқан үлесі, мінсіз қызметі мен жоғары кәсібилігі үшін, сондай-ақ, Басқарманың бас маманы Сламхан Бақжан Бауыржанұлының анасы – Ұлмайраш Темірқанызына ұлдарының елжандылыққа, адалдыққа және жауапкершілікке тәрбиелеп, қоғам игілігі жолында еңбек ететін азамат қалыптастырғаны үшін Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының қолымен алғыс хат табысталды.
Басқарма басшысы Нұрлан Медсантұлы марапат иелерін шын жүректен құттықтап, қызметтеріне толағай табыс, жаңа жетістіктер мен ел игілігі жолындағы еңбектеріне жеміс тіледі.
04.06.2026 жылы Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасында Мемлекеттік рәміздер күніне орай мемлекеттік қызметшілер арасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін дәріптеу мақсатында танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушылар ұлттық құндылықтарды насихаттап, мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның маңызы мен тарихи мәні туралы пікір алмасты.
Алматыда Құрбан айт мерекесі кезінде құрбан шалатын алаңдарда санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды күшейтпек. Қала тұрғындары санитарлық-гигиеналық және ветеринарлық-санитарлық талаптарды қатаң сақтап, ресми белгіленген орында ғана құрбан шалуы тиіс. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гаухар Қаткенова осылай деді.
Оның айтуынша, Құрбан айт күндері департамент пен аудандық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасының мамандары арнаулы алаңдарда кезекшілік атқармақ. Сөйтіп, санитарлық талаптардың сақталуын, аумақтың тазалығын, қалдықтың уақытылы шығарылуын бақыламақшы.
Спикер тұрғын үйлердің аулаларында, қоғамдық орындарда, көше мен рұқсат етілмеген басқа да аумақта мал сою қоршаған ортаның ластанып, жұқпалы аурулардың таралу қаупіне әкелуі мүмкін екенін атап өтті.
«Құрбандыққа шалынатын малды қауіпсіз шаруашылықтардан ғана алып, қажетті құжаттары бірге болуы тиіс», — дейді Гаухар Қаткенова.
Санитарлық талап бойынша, мал соятын жерде қалдыққа арналған контейнер, ет сақтайтын тоңазытқыш, су жүйесі, дезинфекция мен санитарлық өңдейтін орын мен мал терісін сақтайтын орын болуы тиіс.
Сонымен қатар қасапшылар қолғап киіп, маска тағып, алжапқыш пен резеңке етікпен қамтамасыз етілуі тиіс.
ДСЭК өкілінің айтуынша, ветеринарлық-санитарлық талаптар сақталмаған жағдайда қауіпті жұқпалы және паразиттік ауруды жұқтыру қаупі артады.
Атап айтқанда, бруцеллез, сібір жарасы, эхинококкоз, пастереллез бен адамға ауру малдан зооноздық инфекциялар да жұғуы мүмкін екені айтылды.
Сөз соңында спикер қала тұрғындарын тазалық сақтап, арнайы бөлінген жерде ғана құрбан шалуға шақырды.
Биыл 27, 28 мен 29 мамырға сәйкес келетін Құрбан айт күндері Алматыда мал сататын, құрбан шалатын 12 арнаулы алаң белгіленді. Қаланың барлық 56 мешітінде 27 мамыр күні сағат 06:00-де айт намазы оқылады. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан мұсылмандардың осы бас мерекесіне дайындық барысы туралы баяндады.
Оның айтуынша, қаланың бес ауданында құрбан шалуға арналған арнаулы алаңдар ашылған.
Алатау ауданы:
• «Мырзахмет» мешіті — Қарасу шағынауданы, Солтүстік айналма көшесі, 15;
• «Алғабас» мешіті — Алғабас шағынауданы, Ақбөпе көшесі, 6;
• «Әл-Әзим» мешіті — Азат көшесі, 20а;
• «Нұр» мешіті — Ұйғыр көшесі, 16/1.
Бостандық ауданы:
• «Бақыткелді» мешіті — Хан-Тәңірі шағынауданы, Дулати көшесі, 27/11.
Медеу ауданы:
• «Омар ибн әл-Хаттаб» мешіті — Жуков көшесі, 136а;
• «Аманқұл ата» мешіті — Т. Бигелдинов көшесі, 5;
• «Фатима» мешіті — Малая көшесі, 14;
• «Райымбек батыр» мешіті — Думан-1 шағынауданы, Хан Тәңірі көшесі, 15;
• «Арафат» мешіті — Ибрагимов көшесі, 5а.
Наурызбай ауданы:
• «Қалқаман-2» мешіті — Қалқаман-2 шағынауданы, Аспандияров көшесі, 84.
Түрксіб ауданы:
• «Қайрат» мешіті — Қайрат шағынауданы, Сарымолдаев көшесі, 22.
Спикердің айтуынша, арнаулы алаңдарда мешіт қызметкерлері жұмыс істеп, құрбан шалу рәсімінің діннің талабына сай орындалуын қадағаламақшы.
Дін істері басқармасы басшысының орынбасары Әлімбек Айдарбекұлы да брифингте сөз алып, биыл қаладағы мерекелік іс-шараға шамамен 100 мың адам қатысады деп жобалап отырғандарын айтты. Осындай үлкен іс-шараға байланысты кешенді мекемеаралық жұмыс та жүргізіліп жатыр.
«Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, санитарлық, ветеринарлық талаптың сақталуын бақылап, қала аумағында мерекелік іс-шаранды ұйымдасқан түрде өткізетін кешенді жұмыс қолға алынды. Қалалық жоспар аясында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, төтенше жағдайдың алдын алып, құқықбұзушылыққа жол бермеу мен діни рәсімді талапқа сәйкес өткізуге бағытталған тиісті шаралар қабылданады», – дейді Әлімбек Айдарбекұлы.
Сонымен қатар Алматыда тұрғындардың қашықтан құрбан шалуына мүмкіндік беретін qurban.muftyat.kz онлайн қызметі қайта іске қосылды. Құрбандық шалынғаннан кейін оларға есеп беріп отырады.
Бұдан бөлек, платформа арқылы мұқтаж отбасыларға ет таратуға өтініш те қабылданады. Қаланың барлық 56 мешітінде ет қабылдайтын, ет тарататын пункттер жұмыс істейді осы күні. Өнімді сақтау мен тасымалдау үшін арнаулы мұздатқыш камералар мен көліктерді де дайындап қойыпты.
Құрбан айт мерекесі аясында Алматыдағы біраз мешітте киіз үй тігіліп, жамағатқа дастарқан жайылады. Сондай-ақ ұлттық спорттық іс-шаралар, қайырымдылық акциялары мен мұқтаж отбасыларға, қарттар үйі мен балалар мекемесіне азық-түлік себетін тарату жағы да жоспарланған.
Қаланың бас имамы тұрғындарды тазалық сақтап, арнайы бөлінген орында ғана құрбан шалуға шақырды.
«Құрбан айт мейірімділіктің, өзара көмек пен рухани жаңғырудың жолы. Оны діни талап пен тазалыққа мен беріп өткізейік», — дейді Төлеби Оспан.
✅ Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің рөлі, міндеттері және даму бағыттары тақырыбында түсіндіру-профилактикалық іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында:
🔹 адамға бағытталған сервистік аппаратты қалыптастыру;
🔹 мемлекеттік қызметшінің әдеп пен қызметтік мәдениеті;
🔹 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет;
🔹 цифрландыру және меритократия қағидаттары;
🔹 мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша;
🔹 мемлекеттік қызметтің даму бағыттары кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, ардагерлер кеңесінің өкілі тарапынан:
🔹 қоғам мәдениеті бойынша;
🔹қызмет барысында этиканы сақтау қағидаттары бойынша;
🔹отбасылық құндылықтар мен салт-дәстүрді құрметтеу бойынша мәселелер көтерілді.
✅Аталған іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың 5 басқармасының қызметкерлері қатысты.
↘️Кездесудің басты мақсаты – кәсіби, адал және халыққа бағытталған мемлекеттік қызметті қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарын күшейту.
inst.: @elgeqyzmet.almaty