Мемлекеттік лауазымға тағайындалған қызметкердің ант қабылдауы

Мемлекеттік лауазымға тағайындалған қызметкердің ант қабылдауы

2024 жылдың 29 сәуірінде Алматы қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Мамай Қаниұлы Ахетовтың қатысуымен мемлекеттік қызметке алғаш тағайындалған қызметкер Ибрагим Талгатович Абдуманапов салтанатты түрде антын қабылдады. 

Мамай Қаниұлы тарапынан алғашқы мемлекеттік қызметке тағайындалған қызметкерлердің ұстануы керек Әдеп жөніндегі кодексі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң, Мемлекеттік қызмет туралы заң жөнінде ескертулер мен нұсқаулар түсіндірілді.