
Ағымдағы жылғы 12 қараша күні ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институтында Алматы қаласы Діни бірлестіктерінің көшбасшылары клубы мүшелерінің кезекті жиналысы өтті. Іс-шара философия ғылымдарының кандидаты, Алматы қаласы әкімінің діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі бас инспекторы Иванов Владимир Александровичті еске алуға арналды.
⠀
Кезекті жиналыс Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры, әлеуметтану ғылымдарының докторы Серік Сейдумановтың, Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Нұрлан Қиқымовтың, қаладағы барлық конфессия көшбасшыларының, сондай-ақ Институт қызметкерлері мен В. Ивановтың туыстарының қатысуымен өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар В. Ивановтың діни бірлестіктер мен мемлекеттік органдардың диалогының орнығуына, конфессияаралық келісімнің нығаюына және дінтану ғылымдарының дамуына қосқан орасан зор үлесін атап өтті.
⠀
Сонымен қатар, қатысуышылар эксперттік пікір алмасу барысында діни бірлестіктер мен дін саласын зерттеуші ғылыми құрылымдар арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселесіне де тоқталды.
⠀
Жиналыс соңында Клуб мүшелері мен институт қызметкерлері аталған бағыттағы шаралардың бұдан әрі тұрақты түрде өтуіне ниет білдірді.