Алматыда мешіт жамағаты арасында шағын футболдан өтіп жатқан турнирдің іріктеу кезеңі өтті

Алматыда мешіт жамағаты арасында шағын футболдан өтіп жатқан турнирдің іріктеу кезеңі өтті

Алматыда мешіт жамағаты арасында шағын футболдан өтіп жатқан турнирдің іріктеу кезеңі аяқталды
⠀
Ағымдағы жылдың 29 тамыз күні Алматы қаласының мешіт жамағаты арасында өтіп жатқан шағын футболдан турнирдің іріктеу кезеңі аяқталды.
⠀
Іріктеу ойындары 5 маусымнан бастап 29 тамызға дейін жалғасып, қаланың 52 мешітініен 400-ден астам команда өз бақтарын сынап қатысты.
⠀
Турнир ережесі бойынша іріктеуден өткен ең үздік командалар қыркүйек айының екінші жартысына жоспарланған аудандық сайысқа қатысады. Сайыстар барсыныда барлық санитарлық талаптарды сақталып, қатысушылар футбол алаңына тек «ASHYQ» мобилді қосымша арқылы жіберілді.
⠀
Сонымен қатар, қыркүйек айында футбол турнирінен басқа мешіт жамағаттары арасында арнайы спартакиада жоспарлануда. Бұл спорттық шара барысында армрестлинг, арқан тарту, гір көтеру, қошқар көтеру, асық ату және жеңіл атлетика секілді спорт түрлерінен сайыстар қарастырылған.
⠀
Аталған сайыстарға қатысу бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда 87471801708 ұялы байланыс нөміріне хабарласуға болады.