Дінтану - зайырлы білім

Дінтану - зайырлы білім

Қазақстан көпконфессиялы ел болып табылады және діни қызмет пен конфессияаралық қарым-қатынастарды реттеу бойынша белсенді саясат жүргізеді, сәйкесінше елге дінтанушылар қажет.
⠀
«Дінтану» мамандығы (religious studies) әлемде бұрыннан белгілі, сондай-ақ көптеген жоғарғы оқу орындарында, соның ішінде Кембриджде және Гарвардта оқытылады. Біздің елімізде дінтану ең жас мамандықтардың бірі болып табылады.
⠀
«Дінтанушылар дегеніміз діни қайраткерлер емес. Университетте салт-жораларды орындаумен және ғибадат етумен, дұға оқумен немесе рухани тәжірибелермен айналыспайды. Дін заманауи қоғамдағы құбылыс және адамзат мәдениетінің ажырамас бөлігі ретінде ғылыми тұрғыдан зерттеледі. Барлық діндерге тепе-тең мән-мағына беріліп, жеткілікті көңіл бөлінеді, тылсым күшке жол берілмейді, қандай да бір діннің құндылықтары немесе идеялары насихатталмайды», - деп түсіндіреді Елнар Берікбаев.