2021 жылғы 9-20 тамыз аралығында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» 9 іс-шара өткізді

2021 жылғы 9-20 тамыз аралығында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы»  9 іс-шара өткізді

2021 жылғы 9-20 тамыз аралығында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ тапсырысы бойынша экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша тұрғындар арасында 1059 адам қамтылып, 9 іс-шара өткізілді:
⠀
✅Atakent mall СО;
✅ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы;
✅Бостандық ауданының «Бақытты отбасы» орталығы;
✅ҚР Ұлттық Ұланның 5572 әскери бөлім;
✅«Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы;
✅Дін істері басқармасының Instagram желісіндегі парақшасында тікелей эфир;
✅Дін істері басқармасының Instagram желісіндегі парақшасында белгілі сарапшылармен тікелей эфир.
⠀
Дәріс оқығандар: Мақпал Джекебаева, Әділғазы Серікхан, Еркінбек Шоқай, Бауыржан Есмахан, Нұржан Стамбакиев, Қуанышбай Жумадильдаев және Жайдар Рахимгазиев.
⠀
Тыңдаушыларға мемлекеттің зайырлы құрылымының құндылықтары, деструктивті діни ағымдардың белгілері, экстремистік және террористік ұйымдарға тартудың психологиялық әдістері және шетелде рухани білім алу барысында деструктивті идеологиялық ықпал ету қаупі туралы айтылды.