Ағымдағы жылдың 2 наурыз күні мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынасты нығайту мақсатында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Нұрлан Қиқымовтың «Центр Церкви «Голгофа» Евангельских Христиан Баптистов» жергілікті діни бірлестігінің өкілдерімен онлайн форматтағы кездесуі өтті.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының кәмелетке толмағандардың діни ғибадаттарға қатысуы, діни әдебиеттерді тарату секілді бірқатар талаптары талқыланды.
Сондай-ақ, Басқарма басшысы дінді ұстанушы азаматтардың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілікті, мемлекеттік тіл мен рәміздерге деген құрметті сіңіру қажеттілігін атап өтті.