Ағымдағы жылдың 27 ақпан күні Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының жанындағы Кеңес беру және оңалту орталығының ұйымдастыруымен «Жусан» операциясы аясында елге оралған азаматшаларға және олардың балаларына арналған «Медеу» мұз айдынында серуен ұйымдастырылды.
Аталған шараның мақсаты елге оралған азаматшаларға салауатты өмір салтын насихаттау және қоғамдық әлеуметтік өмірге бейімдеу болып табылады.