Лого

Меню

Страницы

Статья

Мектептерде дінтану пәні қалай өтуде?

Экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы кешенді жұмыстар жүргізіп келеді. Халықты қауіптен сақтандырудан бөлек, дінтану мамандығына деген сұраныс, жеткіншек буынның діни сауатын ашудағы мектептің атқаратын рөліне де аса назар аударылады.
⠀
Қазақстанда он сегіз діни конфессия ресми тіркелген. Толеранттықты дамыту үшін әр азаматтың жалпы діндер туралы түсінігі болғаны жөн. Бұл тұрғыда мемлекет орта мектепке дінтану факультетін кіргізген болатын.
Бұл курсты оқу оқушылар үшін міндетті болғанымен, немұрайлы көзқарастың бары тағы рас. Бұл факультатив бір жыл оқытылады, сынақ алынады, бірақ баға қойылмайды.
⠀
Діни қызметкерлерді даярлау кезінде христиандық пен исламның негізгі бағытында діни білім бар. Исламды алсақ, жоғары деңгейде — Нұр Мүбарак, орта арнаулы деңгейде — медресе, колледж.
Христиандық діни білім Алматы православие теологиялық семинариясы православие шіркеуіне діни қызметкерлер дайындайды. Қарағандыда католиктік төменгі епархия жоғары теологиялық семинариясы бар. Олар католиктік шіркеуге дін қызметкерлерін дайындайды.
Біздің елдегі діни білім орта мектепте, зайырлы пәндер мен дінтану негіздерін оқу арқылы беріледі.
⠀
Бұл факультативті дінтану курсынан өткен тарихшы мұғалімдер жүргізгені дұрыс. Жүргізілген сауалнамаға сүйенсек, 80% факультативті тарихшы мұғалімдер жүргізеді, ал 20% тарихшы емес, әртүрлі пән мұғалімдері жүргізеді. Сондай-ақ, бұл факультативтің орнына басқа сабақтар болатын кездер де орын алады.
⠀
Дінтану факультативіне оқушылар тарапынан сұраныс бар және бұл факультатив оқушылардың толеранттық қасиетін дамытаты, діни сауатын ашады.

Дата публикации
18 февраля 2022
Дата обновления
18 февраля 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

30 сентября 2025
Қазақстан мен Пәкістан діни саладағы диалогты кеңейтуде
30 сентября 2025
Маулен Әшімбаев: Діни лидерлердің күш-жігерін біріктіру уақыты келді
30 сентября 2025
Қазақстанда терроризмді насихаттағаны үшін 34 адам сотталды

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы