Лого

Меню

Страницы

Статья

Онлайн құрбан шалу сізді де, жақыныңызды да індеттен сақтайды

Дін өкілдері халықты мүфтияттың сайты арқылы онлайн тапсырыс беріп, құрбан шалуға шақырады. Себебі, індеттің таралуын болдырмауға әрқайсымыз үлес қосуымыз керек.

Онлайн құрбан шалу сізді де, жақыныңызды да індеттен сақтайды

Фото: durbi.kz
 

Күллі мұсылман қауымы кешелі бері Құрбан айт мейрамын тойлауда. Жер шарын пандемияның жайлауы себепті, соңғы жарты жылда еліміз ғана емес, бүкіл әлем бойынша бұқаралық шаралар өткізілмеуде. Одан биылғы Құрбан айт та тыс қалған жоқ. 

Адамдардың қауіпсіздігі мен өмірін сақтау және инфекцияның таралуын болдырмау үшін биыл Алматыда Құрбан айтта мешіттерде жамағатпен айт намазы оқылған жоқ. Жылда осы уақыттағы көз үйренген көрініс – қала базарларына әкеліп, сатылымға түсетін бір үйір қой, ешкі, ірі қара мен мешіт жандарында құрбан шалу деген жағдайлардың биыл бір нұсқасы да жоқ. 

Естеріңізге салайық, Алматының бас санитар дәрігері Ж.Бекшин карантин талаптарына орай құрбан айт күндері қалаға мал кіргізуге шектеу қойған еді. Яғни мал сою цехтары мен мал базарлары жұмыс істемейді. Алматы аумағында мал союды ұйымдастыру және өткізу, автокөлік және жеке үй иеліктерінде мал сатуға рұқсат жоқ. Ал Полиция департаменті бақылауды күшейтіп, жүк көліктерін қатаң тексеруде. 

Бірақ мешіттердің есігі жабылғанымен, сауап есігі жабылған жоқ. Құрбан шалуға ниет еткен барлық азамат мұсылмандық борышын онлайн тапсырыс беру арқылы өтеуде. Яғни Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы арнайы Qurban2020.kz веб-сайтын іске қосып, құрбан шалу рәсімдерінің барлығын қашықтан ұйымдастыруды қолға алғанын бұған дейін хабарлағанбыз. Тіпті, құрбан малының етін алу үшін мұқтаж отбасылардың мешіттерге баруының қажеті жоқ, олар онлайн түрде өтініш қалдырған болатын. Еттің барлығын еріктілер үйді-үйге жеткізуде. 

Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы мен Орталық мешіттің ұйымдастыруымен шалынған құрбандық еті еріктілер арқылы көпбалалы отбасыларға, әлеуметтік тұрғыдан осал, көмекке мұқтаж жандарға, яғни жалпы саны 1200-ден астам отбасыға  таратылды. 

–    Коронавирус инфекциясы қалыпты тіршілігіміздің ритмін бұзып, құрбан шалу рәсімін де қашықтан жүзеге асырудамыз. Дегенмен, бұл ешқандай мұсылманның парызын орындауға кедергі емес. Бастысы, онлайн болса да барлық жағдай дер кезінде жасалуда. Құрбан шалуды қашықтан ұйымдастырудағы басты мақсат – азаматтарымыздың денсаулығын қорғау. Коронавирус індетінің таралуын болдырмау және карантин талаптарын сақтау, – дейді басқарма мамандары.    

Айта кетейік, Алматы аумағына құрбан малы кіргізіліп жатқан жоқ. Құрбан шалу толығымен қашықтан, онлайн тапсырыс арқылы жүзеге асуда. Дін өкілдері халықты мүфтияттың сайты арқылы онлайн тапсырыс беріп, құрбан шалуға шақырады. Себебі, індеттің таралуын болдырмауға әрқайсымыз үлес қосуымыз керек. Сіз бүгін үйде отырып құрбан шалуға тапсырыс берсеңіз, өзіңізді де, жақындарыңызды да инфекциядан қорғайсыз.

Дата публикации
01 августа 2020
Дата обновления
06 октября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

30 сентября 2025
Қазақстан мен Пәкістан діни саладағы диалогты кеңейтуде
30 сентября 2025
Маулен Әшімбаев: Діни лидерлердің күш-жігерін біріктіру уақыты келді
30 сентября 2025
Қазақстанда терроризмді насихаттағаны үшін 34 адам сотталды

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы