
Ақтөбе қаласында сот Ақтөбе облысының тұрғынын террористер үшін соғысуға шақырғаны және қару-жарақтың ірі арсеналын сақтағаны үшін 9 жылға бас бостандығынан айырды. Оның үйінен екі автомат, сегіз тапанша, сегіз мылтық, үш кесілген мылтық, алты рация, түтін шашкалары, бір граната және 500-ден астам оқ-дәрі табылды. Ол өзгелерді үгіттеп қана қоймай, өзі де содырларға қосылмақ болған.
Дәл осындай мерзім Қаскелең қаласының тұрғынына да тағайындалды. Ол ел ішінде террористік топ құруға тырысқан. Радикалды идеологияны таратып, терактілерге дайындалу үшін жақтастарды вербалаған.
ҰҚК деректеріне сәйкес, жыл басынан бері Қазақстанда терроризм және экстремизм істері бойынша 34 адам, оның ішінде екі шетелдік сотталды. Тағы 23 іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.