Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат
Бүгінгі күнде Діни бірлестіктермен жұмыс бөлімімен:
Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 25 қарашадағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 272-VІ ҚРЗ Заңының заңды күшіне енуімен байланысты.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» № 88-V Заңына енгізілген өзгерістерг сәйкес, заңда қолданылған «мемлекеттік қызметтердің регламенті» негізгі түсінігі алынып тасталғанына байланысты.
Осыған орай, бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша Алматы қаласы әкімдігінің қаулылары жойылуға қойылды:
1) «Алматы қаласындағы діни қызмет саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 24 шiлдедегi № 3/470 қаулысы;
2) «Алматы қаласы әкiмдiгiнiң «Алматы қаласындағы діни қызмет саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» 2015 жылғы 24 шiлдедегi № 3/470 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 2/216 қаулысы,
және Алматы қаласы Әділет департаментіне 2020 жылғы 3 желтоқсандағы №59916 тіркеуге жолданды