Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

1) «Алматы қаласындағы діни қызмет саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 24 шiлдедегi № 3/470 қаулысы;

2) «Алматы қаласы әкiмдiгiнiң «Алматы қаласындағы діни қызмет саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» 2015 жылғы 24 шiлдедегi № 3/470 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 2/216 қаулысы.

  1. «Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауды және Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Ж. Бабақұмаровқа жүктелсін.
  3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.   

 

 

 

«Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» Алматы қаласы әкімдігі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ХАТ

 

 

         Алматы қаласы әкімдігінің қаулысын қабылдау қажеттілігі Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 25 қарашадағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 272-VІ ҚРЗ Заңының заңды күшіне енуімен байланысты болып табылады.

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» № 88-V  Заңына енгізілген өзгерістерг сәйкес, заңда қолданылған «мемлекеттік қызметтердің регламенті» негізгі түсінігі алынып тасталды. 

Осыған орай, өзгеріс нәтижесінде пайда болған қақтығыстарды жою үшін «Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» Алматы қаласы әкімдігі қаулысының жобасы қарауға ұсынылады.

Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Дата публикации
11 ноября 2020