Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары.

Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 1 сәуірде № 20256 болып тіркелді.

       Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 14.02.2022 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

       2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн, шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келiсу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

       3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

       4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

       5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 15.12.2022 № 551 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының

 

Ақпарат және қоғамдық даму министрі

Д. Абаев

       "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

       Цифрлық даму, инновациялар

       және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

      2020 жылғы "__"________

 

 

Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрінің
2020 жылғы 31 наурыздағы
№ 97 бұйрығына
3-қосымша

 "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

       Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 14.02.2022 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес әзірленді және "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.

      Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды таратуға арналған стационарлық үй-жай (бұдан әрі – стационарлық үй-жай) – сауда жасайтын, қосалқы, әкімшілік-тұрмыстық бөлмелермен қамтамасыз етілген, сондай-ақ діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды қабылдау, сақтау және сатуға дайындайтын бөлмелері бар күрделі стационарлық ғимарат немесе ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерде орналасқан оның бір бөлігі;

      2) діни бірлестік – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өз мүдделерінің ортақтығы негізінде діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен біріккен ерікті бірлестігі;

      3) діни қызмет – діндарлардың діни қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет.

      2-1. Уәкілетті орган осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарға, көрсетілетін қызметті берушілерге және Бірыңғай байланыс орталығына үш жұмыс күні ішінде жібереді.

      Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 01.12.2022 № 530 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті беруші кеңсесіне немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы және "электрондық үкімет" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталына (бұдан әрі – Портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және осы Қағидаларға 2-қосымшада мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттарды қоса береді.

      Жеке басты куәландыратын және діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) құжаттары туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері және (немесе) көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 01.12.2022 № 530 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған, сондай-ақ қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорация жұмыскері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдап алу туралы қолхат беріледі.

      Қалыптастырылған өтініш құжаттар топтамасымен бірге көрсетілетін қызметті берушіге курьерлік және (немесе) пошталық байланыс және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы жіберіледі.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Құжаттарды қабылдап алған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіле отырып, кіріс құжаттарын қабылдаған күні, уақыты және нөмірі бар көрсетілетін қызметті берушінің мөртаңбасы қойылған көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі көрсетілетін қызметті алушыдан көрсетілетін қызметті берушінің қабылдап алғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған, сондай-ақ қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Құжаттарды Портал арқылы ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрауды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Порталға жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді және өтініш беруші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тарту дайындайды.

  1. Құжаттардың толық топтамасы ұсынылған кезде, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын (бұдан әрі – жауапты орындаушы) айқындайды.

      Жауапты орындаушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарымен танысады және ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтердің анықтығын зерделейді.

      Жауапты орындаушы 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерімен діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерді бекіту туралы шешімнің жобасын келіседі, қажет кезде, мемлекеттік органдарға сұрау салуды жолдайды.

      Жауапты орындаушы 6 (алты) жұмыс күні ішінде қағаз тасығышта діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешімді әзірлейді.

       Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген талаптарға сәйкес келмеген кезде, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім шығарады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім қоса беріле отырып, оған қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылық ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті алушыдан қарсылық келіп түскенде, оны қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешімді не көрсетілетін қызметті алушыға не Мемлекеттік корпорацияға жіберілетін мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды береді.

      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасуын бекіту туралы шешімнің электрондық көшірмесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз тасығышта алу үшін жүгінгенде, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының мөрімен және қолымен расталған шешімнің көшірмесі беріледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 01.12.2022 № 530 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

  1. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды қарауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын лауазымды адам, жоғары тұрған уәкілетті орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

       Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа шағыммен жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

 

"Діни әдебиетті және діни
мазмұндағы өзге де ақпараттық
материалдарды, діни мақсаттағы
заттарды тарату үшін арнайы
тұрақты үй-жайлардың
орналасатын жерін бекіту
туралы шешім беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
1-қосымша
нысан
көрсетілетін қызмет берушіге
__________________________
(көрсетілетін қызметті беруші
уәкіл еткен лауазымды адамның
лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда) көрсетiлетiн
қызметті алушыдан
__________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты,
әкесінің аты (болған жағдайда),
мекенжайы
телефоны мен ЖСН және заңды
тұлғаның атауы, пошталық
мекенжайы, телефоны және БСН)

                                                          Өтініш

      Сізден ______________________________________________________

      _________________________________________________________________

      мекенжайы бойынша орналасқан діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де

ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты

үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беруіңізді сұраймын.

      Қоса берілген құжаттардың тізбесі:

  1. ___________________________________________________________
  2. ___________________________________________________________
  3. ___________________________________________________________
  4. ___________________________________________________________

       Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растай отырып ақпараттық жүйелерде

       қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға

      келісім беремін.

      Көрсетілетін қызметті алушының қолы_____ Өтініш берген күні________

      Мөр орны (заңды тұлғалар үшін)

 

"Діни әдебиетті және діни
мазмұндағы өзге де ақпараттық
материалдарды, діни мақсаттағы
заттарды тарату үшін арнайы
тұрақты үй-жайлардың
орналасатын жерін бекіту
туралы шешім беру"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
2-қосымша

       Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 01.12.2022 № 530 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Астана және Алматы, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары.

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Облыстардың, Астана және Алматы, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, "Электрондық үкіметтің" www. egov. kz веб-порталы.

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі

23 (жиырма үш) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

5

Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi

Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесін беру шарты: көрсетілетін қызметті беруші арқылы: көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы пошта байланысы арқылы не көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің мөртабаны бар өтінішінің көшірмесін көрсеткен кезде жеке куәлігін (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілін) көрсеткен кезде қолма-қол жүзеге асырылады;

Мемлекеттік корпорация арқылы: көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесіне сәйкес өзінің немесе оның өкілінің тиісті өкілеттігі көрсетілетін, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін оның өкілі жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсеткен кезде жүзеге асырылады;

Портал арқылы: мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлфқ қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

Мемлекеттік корпорация нәтиженің

1 (бір) ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге 1 (бір) жыл бойы сақтауға береді. 1 (бір) ай мерзім өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 10 (он) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижелерін Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жібереді.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

 2) Мемлекеттік корпорация – өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады;

Мемлекеттік қызметті көрсету көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша электрондық кезек тәртібімен, шұғыл қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, Портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.

3) Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, Портал тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарында орналастырылған:

көрсетілетін қызметті беруші: www. qogam. gov. kz;

Мемлекеттік корпорация:

www. gov4c. kz; www. eli cens e. kz порталы.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жіне Мемлекеттік корпорацияға (жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде) жүгінген кезде:

1) осы Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) көрсетілген қызметті алушы қол қойған діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайларды орналастыру туралы еркін нысандағы көрсетілетін қызметті алушы қол қойған анықтама-негіздеме (сауда, қосалқы, әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың, сондай-ақ діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды қабылдауға, сақтауға және сатуға дайындауға арналған үй-жайлардың саны; үй-жайларды салу мақсаты; үй-жай орналасқан жерде ғимараттан (құрылыстан) шамамен үш жүз метр жердегі рухани (діни) білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдары ғимараттары (оларға іргелес аумақ болмаған жағдайда) көрсетіле отырып);

3) меншік иесінің үй-жайды діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды тарату үшін пайдалануға келісуі туралы хаты (ғимарат жалға алынған жағдайда) ұсынылады.

Осы тармақтың 2) және

3) тармақшаларында көзделген құжаттар өтініш берілгенге дейін кемінде үш ай бұрын көрсетілген күнмен ұсынылады.

Құжаттарды қабылдап алған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіле отырып, кіріс құжаттарын қабылдаған күні, уақыты және нөмірі бар көрсетілетін қызметті берушінің мөртабаны қойылған көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі осы тармақта көрсетілген құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті алушыдан көрсетілетін қызметті берушінің қабылдап алғанын растау болып табылады.

Порталға жүгінген жағдайда:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

2) көрсетілген қызметті алушы қол қойған діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайларды орналастыру туралы еркін нысандағы көрсетілетін қызметті алушы қол қойған анықтама-негіздеменің электронды көшірмесі (сауда, қосалқы, әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың, сондай-ақ діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды қабылдауға, сақтауға және сатуға дайындауға арналған үй-жайлардың саны, үй-жайларды салу мақсаты; рухани (діни) білім беру ұйымдарын қоспағанда үй-жай орналасқан жердегі ғимараттан (құрылыстан) шамамен үш жүз метр жердегі білім беру ұйымдары ғимараттары (оларға іргелес аумақ болмаған жағдайда) көрсетіле отырып);

3) меншік иесінің үй-жайды діни әдебиет, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды тарату үшін пайдалануға келісуі туралы хатының электронды көшірмесі (үй-жай жалға алынған жағдайда) ұсынылады.

Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттардың электронды көшірмелері өтініш берілгенге дейін кемінде үш ай бұрын көрсетілген күнмен ұсынылады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға арналған негіздер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардың құрамындағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) мемлекеттік қызметті алушыға қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін немесе қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;

4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі болып, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.

Тіршілік әрекеттерін шектейтін организм функцияларының тұрақтылығы өзгеріп, денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау қажеттілігі кезінде Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері шыға отырып жүргізеді.

Қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің және Бірыңғай байланыс орталығының ресми интернет-ресурсында орналастырылған байланыс телефондары арқылы жүгінеді.

Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алу үшін Портал арқылы алады.

Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

 

"Жергілікті атқарушы
органдардың діни әдебиетті
және діни мазмұндағы өзге
де ақпараттық материалдарды,
діни мақсаттағы заттарды
тарату үшін арнайы тұрақты
үй-жайлардың орналасатын
жерін бекіту туралы шешім
беру" мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
3-қосымша

 

         

      нысан

 

____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты,
әкесінің аты
(болған жағдайда)
(бұдан әрі – ТАӘ)
немесе ұйымның атауы)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

 Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

       Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 01.12.2022 № 530 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының №________________________бөлімі (мекенжайды көрсету) сіздің "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты __________________________________ мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      жоқ құжаттардың атауы:

  1. ____________________________________________________________
  2. ____________________________________________________________
  3. ____________________________________________________________

      Осы қолхат әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды

       ________________________________________________ _____________

       ТАӘ (Мемлекеттік корпорациясының жұмыскері) (қолы)

       Алдым: _________________________________________ _____________

      Көрсетілетін қызметті алушының ТАӘ (болған жағдайда) (қолы)

      Күні: 20____ жылғы "__"_________

 

Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары.
Дата публикации
04 декабря 2024