Дін саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы
2020 жылғы 1 тоқсан бойынша ақпарат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабына, және Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының негізінде 2020 жылдың 1 тоқсанында «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеу» көрсетілетін мемлекеттік қызметі бойынша қала көлемінде жалпы – 24 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Атап айтқанда, қаңтар айында - 7 мемлекеттік қызмет, ақпан айында- 13, наурыз айында - 4.
Дін саласындағы миссионерлік қызметтердің көрсетілу барысында жеке және заңды тұлғалардан арыз – шағымдар түскен жоқ.