Өңірдегі діни ахуалға мониторинг және талдау жұмысы мемлекеттік саясаттың әртүрлі аспектілері бойынша діни саладағы процестердің дамуын бақылайтын мемлекеттік органдар қызметінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады.
Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы діни саясатты дамытудың бағыттарын реттейтін негізгі құжат. Діни саладағы тұрақтылықты сақтау уақытында анықтау және алдын алу үнемі зерделеуді қажет етеді. Діни саладағы үрдістерді талдау кезінде қаланың әр ауданның ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырылады.
Алматы қаласында бүгінгі күні 17 конфессиямен (Республика бойынша 18 конфессия) ұсынылған, 181 діни бірлестіктер және 113 ғибадат үйлері жұмыс жасайды. Оның ішінде: 51 мешіт, 19 православтық шіркеулер және соборлар, 2 католиктік шіркеу, 1 синагога, Вон буддистер конфессиясының 1 діни ғимараты, протестанттық бағыттың 31 діни ғимараты, 4 Иегова куәгерлеріне, 3 Жетінші күн адвентистері және 1 Жаңа апостолдық шіркеулеріне тиесілі діни ғибадатхана.