"Алматы қаласы Дін істері басқармасы" КММ жұмысы

Алматы қаласындағы діни ахуал туралы

 

Тіркелген діни бірлестіктердің саны 191-ді, соның ішінде 118 діни ғимаратты (54 мешіт, 20 православтық шіркеу мен собор, 2 католик приходы,                1 синагога, Вон-буддистік конфессияның 1, протестанттық конфессиялардың 35 діни ғимараты, 4 – Ехоба куәгерлері, 1 – Новоапостольской шіркеу) құрайды.

Сонымен қатар, бүгінгі күнде 2 мешіттің (Алатау ауд. – 1, Түркісіб ауд. – 1), 2 Православтық шіркеудің (Түркісіб және Наурызбай ауданы) құрылысы жүргізілуде.

4 діни оқу орны («Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті, ҚМДБ жанындағы ҚР имамдарының білімін жетілдіру интитуты, Әбу-Ханифа колледжі (медресе), Православтық шіркеудің Алматы рухани семинариясы),                  7 құлшылық ету бөлмесі және 17 діни әдебиеттерді сататын стационарлық орын жұмыс жасайды. 97 миссионер тіркелген.

 

2023 жылғы негізгі жұмыс нәтижелері туралы

Конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету саласы

Діни бірлестіктер көшбасшылары клубының қызметі жалғасуда. 2023 жылы «Қазақстан халқының бірлігі күніне» және                                           «ҚР Конституциясы күніне» орайластырылған ДБ Көшбасшылар клубының жиналыстары өткізілді, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі ұйымдастырылды, ғибадат орындарына келушілер мен клуб мүшелері арасында жеңімпаздарды марапаттай отырып, отбасылық спорттық спартакиада өткізілді, мәдени-танымдық орындарға бару, саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды. «Рухани келісім күніне» дін саласындағы сарапшылардың, түрлі конфессиялар өкілдерінің қатысуымен, сондай-ақ эко-сенбілік және басқа да іс-шаралар өткізілді.

Тұрақты түрде ҚР дін саласындағы заңнамасы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

 

Ақпараттық-түсіндіру жұмысы туралы

Алматы қаласының әкімдігі тұрғындар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, экстремистік діни ағымдарға қатысты қарсы имунитетті қалыптастыру және діни алауыздықтың орын алуын болдырму бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Қазіргі уақытта жылдың басынан бүгінгі күнге дейін 153 507 адам қамтылған 668 іс-шара өткізілді.

Соның ішінде:

  • Ақпараттық-түсіндіру топтарының қызметі аясында офлайн форматта 58 673 адам қамтылған 529 шара және онлайн форматта 5548 адам қамтылған 18 шара (ZOOM және әлеуметтік желілердегі тікелей эфир арқылы) өткізілді;
  • Профилактикалық жұмыстарға имамдарды тарта отырып 39 876 адам қамтылған 8 тікелей эфир, жамағат арасында 3 258 адам қамтылған 8 викторина, мешіт жамағаттарымен 46 152 адам қамтылған 105 кездесу өткізілді.

 

 

БАҚ-та және интернет кеңістіктегі қарсынасихаттық жұмыстар туралы

2023 жылы әртүрлі әлеуметтік желілерде 12 млн-нан астам қолданушы қамтылған 2,3 мыңнан астам материал (мақала, ролик, инфографика, мотиватор, демотиватор) жарияланды.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы 429 графикалық мотиваторлар, демотиваторлар, дайджестер мен инфографикалар, экстремистік діни ағымдар идеологиясының алдын алуға, дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіруге бағытталған reels және shorts форматтарындағы 96 қысқа бейнеролик әзірленді. Сонымен қатар, 2023 жылдың басынан бастап 20 таргеттік жарнама жүзеге асырылды, оның нәтижелері бойынша көрсетілімдер саны 2 185 мыңды, қамтылған пайдаланушылар саны 848 мыңды құрайды.

Сонымен қатар, қарсынасихаттық материалдарды ілгерілету мақсатында «Zanmedia.kz», «Nur.kz», «KP.kz», «Stan.kz» секілді және т.б. танымал ақпараттық порталдар кеңінен қолданылуда және оларда 450 мыңнан астам қаралым болған 114 материал жарияланды.

Бұған қоса, қарсынасихаттық жұмыстарға әлеуметтік желілерде 183 мың жазылушысы бар 6 блогер тартылды.

Олардың әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларында                             84 материал жарияланды. Instagram әлеуметтік желісіндегі пабликтерде, сондай-ақ, жаңалықтар және ақпараттық сайттарында               36 жарияланым болды.

Дата публикации
24 ноября 2023