2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 "Діни қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсету ережесіне " сәйкес, 2021 жылы Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасымен 68 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Атап айтқанда:
- "Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу" мемлекеттік қызметі бойынша 67 қызмет, оның ішінде қағаз түрінде 34 қызмет, электрондық үкімет порталы арқылы онлайн түрде 30 қызмет, сондай-ақ "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы 3 қызмет көрсетілді. 8 қызмет бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылды.
- "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру" мемлекеттік қызметі бойынша 1 қызмет мемлекеттік орган арқылы қағаз түрінде көрсетілді.