Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31
наурыздағы № 97 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020
жылғы 1 сәуірде № 20256 болып тіркелді
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан
Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын
тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу" мемлекеттік қызмет көрсету
қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы аумағындағы
шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн, шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан
Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келiсу"
мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де
ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты
үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет
көрсету қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Діни іс-шараларды өткізуге арналған
үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу
туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және
олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет
көрсету қағидалары;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (
ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім
беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.