Дін саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы 2021 жылғы 1 тоқсан бойынша ақпарат

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабына, және Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының негізінде 2021 жылдың 1 тоқсанында «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеу» көрсетілетін мемлекеттік қызметі бойынша қала көлемінде жалпы – 15 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Атап айтқанда, қаңтар айында - 5 мемлекеттік қызмет,  ақпан айында- 8, наурыз айында - 2.

Дін саласындағы миссионерлік қызметтердің көрсетілу барысында жеке және заңды тұлғалардан арыз – шағымдар түскен жоқ.

Дін саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы 2021 жылғы 1 тоқсан бойынша ақпарат
Дата публикации
12 апреля 2021