Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының жанындағы «Кеңес беру және оңалту орталығында» (бұдан әрі – Орталық) ағымдағы жылдың қараша айында психолог және теолог маманның қатысуымен деструктивті діни ағым ықпалында жүрген 269 адаммен (оның ішінде, 151 ер және 118 әйел адаммен) 269 кездесу онлайн түрде (еліміздегі карантиндік шектеулерге байланысты) жүргізілді.
Сұхбат барысында зайырлы қоғамның құндылықтары, еліміздің дәстүрлі Әбу Ханифа мазхабының құндылылығы жайлы түсіндіріліп, деструктивті діни көзқарастарға дәлелдермен қарсы жауаптар беріліп, ұстанымдарын өзгертуге ықпал жасалынды.
Сонымен қатар, ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА 155/18; ЛА 155/13; ЛА 155/6 түзету мекемесінде және ҰҚК тергеу изоляторында экстремизм және терроризм баптары бойынша жазасын өтеп жатырған 32 азаматпен жеке кездесулер өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Дәстүрлі діни ұстаным», «Жат ағымдардың кері әсері», «Абу Ханифа мазхабының ерекшелігі» сынды тақырыптарда 4 топтық кездесу өткізіліп, барлығы 108 азамат қамтылды.