Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының жанындағы «Кеңес беру және оңалту орталығының» қыркүйек айында атқарған жұмыстары туралы АҚПАРАТ

Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының жанындағы «Кеңес беру және оңалту орталығында» (бұдан әрі – Орталық) ағымдағы жылдың қыркүйек айында деструктивті діни ағым ықпалында жүрген                            200  адаммен (оның ішінде 153 ер және 47 әйел адаммен) 205 кездесу онлайн түрде (еліміздегі карантиндік шектеулерге байланысты) өткізілді.

Сұхбат барысында еліміздегі зайырлы қоғамның құндылықтары, еліміздің дәстүрлі Әбу Ханифа мазхабы түсіндіріліп, саналарында қалыптасқан деструктивті діни көзқарастарға дәлелдермен барынша қарсы жауаптар беріліп,  ұстанымдарын өзгертуге ықпал жасалынды.

Сонымен қатар, ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА 155/18; ЛА 155/13; ЛА 155/6  түзету мекемесінде және ҰҚК тергеу изоляторында экстремизм және терроризм баптары бойынша жазасын өтеп жатырған 26 азаматпен жеке кездесулер өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Дәстүрлі діни ұстаным», «Жат ағымдардың кері әсері», «Абу Ханифа мазхабының ерекшелігі»  сынды тақырыптарда 1 топтық кездесу өткізіліп, барлығы  11 азамат қамтылды.

 

 

Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының жанындағы «Кеңес беру және оңалту орталығының» қыркүйек айында атқарған жұмыстары туралы АҚПАРАТ делам религии г. Алматы за сентябрь месяц 2020 года
Дата публикации
30 сентября 2020