Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының жанындағы «Кеңес беру және оңалту орталығының» тамыз айында атқарған жұмыстары туралы АҚПАРАТ

Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының жанындағы «Кеңес беру және оңалту орталығында» (бұдан әрі – Орталық) ағымдағы жылдың тамыз айында  психолог және теолог маманның қатысуымен деструктивті діни ағым ықпалында жүрген 263 адаммен (оның ішінде 185 ер және 78 әйел адаммен) 269 кездесу онлайн түрде (еліміздегі карантиндік шектеулерге байланысты) жүргізілді. 

Сұхбат барысында зайырлы қоғамның құндылықтары, еліміздің дәстүрлі Әбу Ханифа мазхабының құндылылығы жайлы түсіндіріліп, деструктивті діни көзқарастарға дәлелдермен қарсы жауаптар беріліп,  ұстанымдарын өзгертуге ықпал жасалынды.

Сонымен қатар, ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА 155/18; ЛА 155/13; ЛА 155/6  түзету мекемесінде және ҰҚК тергеу изоляторында экстремизм және терроризм баптары бойынша жазасын өтеп жатырған 37 азаматпен жеке кездесулер өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Дәстүрлі діни ұстаным», «Жат ағымдардың кері әсері», «Абу Ханифа мазхабының ерекшелігі»  сынды тақырыптарда 7 топтық кездесу өткізіліп, барлығы                   92 адам қамтылды.

 

ИНФОРМАЦИЯ о проведенной работе Центра консультации и реабилитации при Управлении по делам религий г. Алматы за август месяц 2020 года
Дата публикации
31 августа 2020