Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының жанындағы «Кеңес беру және оңалту орталығында» (бұдан әрі – Орталық) ағымдағы жылдың шілде айында психолог және теолог маманның қатысуымен деструктивті діни ағым ықпалында жүрген 199 адаммен (оның ішінде, 143 ер және 56 әйел адаммен) оңалту жұмысы онлайн түрде (еліміздегі карантиндік шектеулерге байланысты) жүргізілді.
Сұхбат барысында зайырлы қоғамның құндылықтары, еліміздің дәстүрлі Әбу Ханифа мазхабының құндылылығы жайлы түсіндіріліп, деструктивті діни көзқарастарға дәлелдермен қарсы жауаптар беріліп, ұстанымдарын өзгертуге ықпал жасалынды.
Сонымен қатар, ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА 155/18; ЛА 155/13; ЛА 155/6 түзету мекемесінде және ҰҚК тергеу изоляторында экстремизм және терроризм баптары бойынша жазасын өтеп жатырған 3 азаматпен жеке кездесулер өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Дәстүрлі діни ұстаным», «Жат ағымдардың кері әсері», «Абу Ханифа мазхабының ерекшелігі» сынды тақырыптарда 1 топтық кездесу өткізіліп, барлығы 20 азамат қамтылды.