Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының жанындағы «Кеңес беру және оңалту орталығында» (бұдан әрі – Орталық) ағымдағы жылдың маусым айында психолог және теолог маманның қатысуымен деструктивті діни ағым ықпалында жүрген 203 адаммен (оның ішінде, 169 ер және 34 әйел адаммен) 211 кездесу онлайн түрде (еліміздегі карантиндік шектеулерге байланысты) жүргізілді.
Сұхбат барысында зайырлы қоғамның құндылықтары, еліміздің дәстүрлі Әбу Ханифа мазхабының құндылылығы жайлы түсіндіріліп, деструктивті діни көзқарастарға дәлелдермен қарсы жауаптар беріліп, ұстанымдарын өзгертуге ықпал жасалынды.
Сонымен қатар, ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА 155/18; ЛА 155/13; ЛА 155/6 түзету мекемесінде және ҰҚК тергеу изоляторында экстремизм және терроризм баптары бойынша жазасын өтеп жатқан 3 азаматпен жеке кездесулер өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Дәстүрлі діни ұстаным», «Жат ағымдардың кері әсері», «Абу Ханифа мазхабының ерекшелігі» сынды тақырыптарда 7 топтық кездесу өткізіліп, барлығы 105 азамат қамтылды.