
2024 жылдың 3-ші мамырында Алматы қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Мамай Қаниұлы Ахетовтың қатысуымен мемлекеттік қызметкерлер арасында Әдеп кодексінің адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық, клиентке бағдарлану сияқты әдептік қағидаттары айтылды.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлердің ұстануы тиіс "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызмет, жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың немесе жекжаттардың бірге қызмет етуіне жол бермеу, ҚР шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды ашу, иелену, қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтауға жол бермеу баптары қарастырылды.