Лого

Меню

Страницы

Статья

Өңірлік кадр резервтеріне іріктеу аясында заңнаманы білуге арналған тестілеудің аяқталуы туралы

2024 жылдың 28 сәуірінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың өңірлік кадр резервтеріне іріктеудің екінші кезеңінің бірінші блогы «Заңнаманы білуге арналған тестілеу» аяқталды.

Тестілеудің келесі блогы «Жеке қасиеттерін бағалауға» жіберілген тұлғалардың тізімі onir.pkrezerv.gov.kz ресми сайтында жарияланды.

Жеке қасиеттерді бағалауға тестілеу 2024 жылдың 4-5 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының және оның филиалдарының базасында офлайн форматта өткізіледі.

Тестілеуге жазылу заңнаманы білуге арналған тестілеуден өткені туралы хабарлама алған сәттен бастап ашылады. Кандидаттар ұсынылған нұсқалардың ішінен тестілеуден өту қаласын, күнін және уақытын таңдаулары қажет. Тіркеу бірінші кезекте толтыру қағидаты бойынша жүзеге асырылады.

Кандидаттардың жеке қаситеттерін бағалау тестілеуі бастамашылдық (12), коммуникативтілік (12), талдамалық (12), ұйымдастырушылық (12), стратегиялық ойлау (12), көшбасшылық (12), әдептілік (12), сапаға бағдарлану (12), тұтынушыға бағдарлану (12), сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік (12) деңгейін анықтауға арналған тапсырмаларды қамтиды.

Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуді орындаудың жалпы уақыты 90 минутты құрайды.

Дата публикации
30 апреля 2024
Дата обновления
30 апреля 2024
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
16 июля 2025
Умный город
Ақпарат
15 июля 2025
Ақпараттық қауіпсіздік және деректерді басқару.
Ақпарат
15 июля 2025
Телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы