
Бүгінгі таңда Алматы қаласында цифрлық инфрақұрылымды дамыту бойынша жүйелі және кешенді жұмыстар жүргізілуде. Бұл жұмыстың басты мақсаты – тұрғындардың тұрғылықты мекенжайына қарамастан, сапалы интернет пен мобильді байланыс қызметтеріне тең қол жеткізуін қамтамасыз ету.
Әлеуметтік саланың нысандарын интернетке қосу – басым бағыттардың бірі болып табылады. Қазіргі уақытта Алматы қаласындағы мектептер мен балабақшалардың 100%-ы интернетке қосылған, оның ішінде 80%-ы жоғары жылдамдықты қосылуға ие. 2025 жылдың соңына дейін барлық білім беру ұйымдарын жоғары жылдамдықты интернетпен толық қамту жоспарланған. 2024 жылы мектептерде қауіпсіз цифрлық ортаны қамтамасыз ету мақсатында CGNAT технологиясын қолдану арқылы сүзгіден өткен қолжетімділік енгізілді. Бұл шешім қажетсіз контентке қолжетімділікті шектеуге және киберқауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік берді.
Тұрғын үй алаптарын цифрландыру жобасы аясында Алматы қаласының Цифрландыру басқармасы «NLS Kazakhstan» ЖШС-мен бірлесіп, жаңа буындағы XGSPON оптикалық технологиясын енгізу жөніндегі меморандумға қол қойды. Аталған технология 1200 Мбит/сек дейінгі жылдамдықты қамтамасыз етеді. Жоба аясында көпқабатты тұрғын үйлерге Wi-Fi 6 жабдықтарын орнатумен жаппай қосу көзделіп отыр. Техникалық қосу құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталғаннан кейін басталады.
Қалада сымсыз интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін «Кар-Тел» ЖШС-мен (Beeline) үш жыл ішінде шамамен 300 қос мақсатты тіреу (ҚМТ) орнату туралы меморандум жасалды. Оның ішінде 50 тіреуді 2025 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.
Қоғамдық көлікте және қалалық инфрақұрылымда байланыс сапасын жақсарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Алматы метросында «Кселл» АҚ ұялы байланыс операторы 11 станцияның 7-інде базалық станциялар орнатты. Бұл платформа мен пойыз ішіндегі байланыс тұрақтылығын едәуір арттырды.
Мобильді байланыстың дамуы бүкіл мегаполисті қамтиды. 2024 жылы Алматы қаласында 700-ден астам 5G базалық станция жұмыс істеп тұр. Атап айтқанда, Tele2 операторының 979 базалық станциясы бар, оның 402-сі 5G технологиясын қолдайды. 2023 жылдан бері 80 жаңа станция салынды, 968-і жаңғыртылды, 34-і алынып тасталды. Нәтижесінде 5G желісін пайдаланушылар саны 1,1 миллион адамға жетті.
«Кселл» АҚ Алматы қаласында 950 базалық станцияны пайдаланады, оның ішінде 400-і 5G технологиясын қолдайды. Бұл жоғары жылдамдықты интернет пен тұрақты дауыстық байланысты қамтамасыз етеді.
«Кар-Тел» ЖШС (Beeline KZ бренді) ұсынған мәлімет бойынша, Алматы қаласында орнатылған базалық станциялар саны:
Жаңа 34 позиция орнатылды
157 жаңа базалық станция іске қосылды
563 позицияда жаңғырту жұмыстары жүргізілді
844 жаңа қабат (слой) қосылды
Жаңа 33 позиция орнатылды
142 жаңа базалық станция іске қосылды
119 позицияда жаңғырту жүргізілді
89 жаңа қабат қосылды
|
Жыл |
Байланыс операторы |
Базалық станция саны 5G |
|
2023 ж. |
Tele2 |
258 |
|
|
Kcell |
173 |
|
2024 ж. |
Tele2 |
112 |
|
|
Kcell |
198 |
|
2025 ж. |
Tele2 |
24 |
|
|
Kcell |
81 |