
Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасының 2021 жылдың І жартыжылдығына және 2020 жылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау бойынша аналитикалық анықтама
Кіріспе бөлімі: Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы (әрі қарай - Басқарма) басшысының 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 714 бұйрығымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін келесі құрамда жұмыс тобы құрылды:
Жұмыс тобының басшысы - Тоқсейітова Ғ.Е.
Жұмыс тобының мушелері - Мәнімханова И.Т., Тазабеков А.Қ., Асқар Н.А., Күміспаева М.Ә., Әлиева Г.Т.
Жұмыс тобының хатшысы - Еспенбетова Ә.Б.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 8 тармағына сәйкес, Басқармада 2021 жылғы 6 сәуір мен 5 мамыр аралығында келесі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді:
Сипаттама бөлімі:
2021 жылдың І жартыжылдығы
Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
2021 жылдың бірінші жартыжылдығында жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды:
Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларында, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген (әрі қарай - Қағида);
Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасында, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 227 бұйрығымен бекітілген (әрі қарай – мүлікті өткізу Қағидасы).
Қағидаға сәйкес, жергілікті атқарушы органдар сот үкімі бойынша коммуналдық меншікке түскен, тәркіленген мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
Мүлікті одан әрі пайдалану жөніндегі мәселелерді қарау үшін комиссия құрылады, оның құрамына уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның, Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының немесе жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің, мемлекеттік кіріс органдарының өкілдері қосылады.
Басқарма, Алматы қаласының коммуналдық меншігін басқару жөніндегі уәкілетті орган бола отырып, тәркіленген мүлікке бағалау жүргізеді. Бағалаушыны таңдау Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Мүлікті өткізу Қағидасының 17-тармағының 5) тармақшасына сәйкес комиссия бағалаушы ұсынған мүліктің құнын бағалау туралы есеп негізінде мүліктің алғашқы бағасын белгілеу туралы шешім қабылдайды.
Бұдан әрі, мүлікті өткізу Қағидасына сәйкес сот үкімі бойынша тәркіленген мүлік мемлекеттік заңды тұлғаларға ұсынылуға жатады. Мүлікті беру және оны мемлекеттік заңды тұлғалардың балансына бекіту экономикалық тұрғыдан орынды болған жағдайда жүзеге асырылады.
Мемлекеттік заңды тұлғалар өтініш ұсынбаған не мүлікті мемлекеттік меншікке беру экономикалық тұрғыдан орынсыз болған жағдайда, мүлік сауда-саттыққа шығарылады.
Алайда, бағалау есебінде белгіленген мүліктің құны жалған болуы мүмкін, атап айтқанда әдейі азайтылуы немесе көбейтілуі мүмкін деп санаймыз.
Мүлік құнын әдейі азайту Басқарма қызметкерімен сөз байласқан қатысушыға сатылатын мүлікті төмендетілген бағамен сатып алуға мүмкіндік береді. Құнының көбейуі әлеуетті қатысушылар шеңберін қасақана қысқартуға әкеледі.
Осы тәуекелді жою мақсатында, бағалау жүргізген бағалаушы мүшесі болып табылатын бағалаушылар палатасының сарапшылық кеңесінің бағалау туралы есебіне міндетті сараптама жүргізуі қажет деп санаймыз.
Осыған байланысты, сараптамалық кеңестің оң қорытындысын алғаннан кейін бағалау туралы есепке міндетті сараптама жүргізуді және мүліктің бастапқы бағасын белгілеу туралы шешім қабылдауды көздейтін нормалармен мүлікті өткізу Қағидасын толықтыруды ұсынамыз.
Сондай-ақ аталған тәуекелді жою және тәркіленген мүлікті одан әрі пайдалану мәселелерінде заңдылықты қамтамасыз ету үшін комиссия құрамына құқық қорғау органдарының (прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы) өкілдерін қосуды ұсынамыз.
Осыған байланысты жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 тиісті толықтыру енгізу қажет.
Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша «мүдделер қақтығысын реттеу» бағыты бойынша Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде тәуекелдер анықталды.
Сонымен, қазіргі уақытта Басқармада мүдделер қақтығысын бақылау және реттеу функцияларын жүзеге асыратын тұлға жоқ. Сондай-ақ мүдделер қақтығысын реттеу рәсімдерін реттейтін құжат жоқ.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы заңының 6-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының бірі мүдделер қақтығысын болғызбау және шешу болып табылады.
Осыған байланысты, жұмыс тобы мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі тәртіпті (саясатты) бекітуді және белгілі бір тұлғаға осы бағытты мониторингілеу және реттеу жөніндегі функцияларды бекітуді ұсынады.
Рұқсат беру және бақылау функцияларын іске асыру, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 4 ақпандағы № 1/82 қаулысымен бекітілген «Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде көзделмеген.
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін жұмыс тобының басшысы іс-шаралар жоспарын бекітті.
2020 жыл
Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
1) Cыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік меншік объектілерін – желілерді, байланыс (телефондандыру) құрылыстарын басқару процесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.
Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының заңнамасында Алматы қаласы Әкімдігі салған байланыс желілерін, құрылыстарын техникалық шартты берген және байланыс құрылыстарын пайдаланатын ұйымның меншігіне берудің құқықтық тетігі жоқ, бұл оларға қызмет көрсету мен ұстауға теріс әсер етеді.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» және «Байланыс туралы» Заңдарына байланыс желілерін, құрылыстарын техникалық шарт берген және байланыс құрылыстарын пайдаланатын ұйымның меншігіне өтеусіз беруді көздейтін нормалармен толықтыруды ұсынамыз.
Электр желілері бойынша осындай тәжірибе бар. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 119-3 бабына сәйкес, құрылыс салу аймағынан шығарылған байланыс жолдарын (желілерін), құрылыс жайларын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылысқа тапсырыс беруші реконструкциялау учаскесінде шығару (көшіру) жүзеге асырылған байланыс жолдарының (желілерінің), құрылыс жайларының меншік иесі болып табылатын ұйымның меншігіне өтеусіз беруге тиіс.
Басқарма ұсынған Жаңалықтар байланыс желілерін одан әрі қызмет көрсету және ұстау мақсатында тиісті тұлғаға беруді жеделдетеді.
Объектілерді беру рәсімінің созылуы халық арасында әлеуметтік шиеленіске алып келуі мүмкін, бұл сыбайлас жемқорлық әрекеттердің туындауына алып келуі мүмкін.
2) Сондай - ақ, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 19-5/293 бұйрығымен бекітілген Су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенімгерлік басқаруға беру қағидаларында (бұдан әрі-қағидалар) сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.
Осылайша, сенімгерлік басқаруға беру Қағидасы бойынша тендер қағаз форматта өткізіледі, осыған байланысты Мемлекеттік орган қызметкерлерінде құжаттаманы ашу басталғанға дейін қарауға, құжаттарды қабылдау уақыты аяқталғаннан кейін қабылдауға, сондай-ақ тендерге қатысатын адамдар туралы алдын ала білуге әлеуетті мүмкіндігі бар.
Бұдан басқа, жеңімпазды анықтау туралы шешімді Комиссия қабылдайды, бұл ретте жеңімпазды таңдау үшін нақты критерийлер жоқ.
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында, тізілімнің веб-порталын пайдалана отырып, электрондық форматта тендер өткізу бөлігінде Қағидаларға өзгерістер енгізуді ұсынамыз (gosreestr.kz).
Электрондық формат жұмыс уақытын тиімді басқаруға мүмкіндік береді және мемлекеттік органдар мен тендерге қатысушылар арасындағы тікелей байланысты болдырмайды.