Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдау бойынша аналитикалық анықтама 2019 жыл

Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасының

сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдау бойынша аналитикалық анықтама

 

Алматы қаласы Қаржы басқармасы (әрі қарай - басқарма) басшысының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 771 бұйрығымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылған.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 8 тармағына сәйкес, Басқармада сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне келесідей бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді:

  • бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

  1. 2019 жылдың II жартыжылдығында бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

 

2019 жылдың екінші жартыжылдығында жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижесі бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығымен бектілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларында дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталды (әрі қарай - Қағида).

Осылайша, Қағиданың 6-тармағына сәйкес, Шарт талаптары тиісті түрде орындалған кезде шарттың қолданылу мерзімін ұзарту құқығымен үш жылдан аспайтын мерзiмге жасалады. Шарттың қолданылу мерзімін ұзарту негізгі шартқа қосымша келісім жасасу жолымен асырылады. Негізгі шартқа қосымша келісім, егер шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін кемінде он жұмыс күні бұрын шарт мерзімін ұзарту туралы баланс ұстаушы жалға берушіге бас тарту себептерін көрсете отырып шарттың қолданылу мерзімін ұзартудан жазбаша түрде бас тартуды ұсынбаса, жалға алушының шарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініші және жалға берушінің шешімі негізінде жасалады.

Сонымен қатар, баланс ұстаушыдан жазбаша бас тартуды алған жағдайда, Басқарма қызметкерінің баланс ұстаушының объективті емес негіздері бойынша шартты ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдау тәуекелі бар.

Осыған байланысты, Қағидаға баланс ұстаушының шартты ұзартудан бас тартуының негізділігін растау (растамау) үшін жалға алу объектісіне баратын комиссия құру жөніндегі өкілеттікті беру бөлігінде толықтырулар енгізуді ұсынамыз.

Осы шаралар, шартты ұзарту немесе оны ұзартудан бас тарту жөнінде объективті шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

 

ІІ. 2019 жылдың IІ жартыжылдығында бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде есептік кезеңде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

Рұқсат беру және бақылау функцияларын іске асыру Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 4 ақпандағы № 1/82 қаулысымен бекітілген "Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде көзделмеген.

 

Сонымен бірге, бұрын анықталған кейбір сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тиісті органдармен назарға алынып жойылған.

2017 жылдың бірініші жартыжылдығында жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы            № 212 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру Қағидаларында дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған болатын.

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында жұмыс тобының жетекшісімен іс-шара Жоспары бекітілді.

  • Қағидалардың 6 тармағына сәйкес, келісімшарт белгіленген мерзім өткеннен кейін тоқтатылады деп саналады. Сонымен қатар, жалға алу шартының мерзімін ұзарту Қағидалармен қарастырылмаған.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 211 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға беруге) үлгілік шартында (әрі қарай - Шарт)  жалға алушы жалдау шартының мерзімі аяқталғанға дейін бір ай бұрын келісім шартты ұзарту туралы жазбаша мәлімдеме беру құқығына ие және жалға беруші оны ұзартуға құқысы бар ( шарттың 7 т. 4 тармақшасы, 10 т. 10 тармақшасы).

Осылайша, Шартты ұзарту немесе ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдау бөлімінде дискрециялық өкілеттіктер туындап, Қағидалардың нормалары Шарттың ережелеріне сәйкес келмейді.

Азаматтық кодексінің 557 бабына сәйкес, өз міндетін лайықты түрде атқарған жалға алушының, егер заң актілерінде  немесе шартта өзгеше көзделмесе, шарт мерзімі біткеннен кейін басқа тұлғалардың алдында мүліктік жалдау шартын жаңа мерзімге жасау үшін  басқадай тең жағдайларда артықшылықты құқығы болады.

 

Тәуекелді жою үшін Басқармамен қабылданған шаралар:

 

Осыған орай, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудын алдын алу мақсатында, Басқармамен ҚР Ұлттық Министрлігіне 2017 жылы 9 наурызда № 4-49.308-и жазылған хатында Қағидаларда жалдау шартының мерзімін ұзарту мәселесін нақты регламенттеуге ұсыныс жолданды.

  • Қазіргі уақытта жалға алу шартын жасасу (қол қою) және ұзарту қол форматында шарттың мерзімін ұзарту туралы өтініші және тендер қорытындысының хаттамасы негізінде жүзеге асырылады.

 

Тәуекелді жою үшін Басқармамен қабылданған шаралар:

 

Заңды және жеке тұлғалармен тікелей «байланысты» алып тастау үшін ҚР Ұлттық экономика Министрлігіне ЭЦҚ-ның көмегімен gosreestr.kz веб-порталын пайдалана отырып,  жалға алу шартын жасасу (қол қою) және ұзарту электрондық форматқа енгізу туралы хат жолданды.

 

 

  Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасының жоғарыда көрсетілген ұсыныстары уәкілетті органға жіберілді, ескерілді және қазіргі таңда «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 211 бұйрығына және «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығына өзгертулер енгізу туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің бұйрығының жобасында көрініс тапқан.

 

 

Дата публикации
03 июля 2023
Дата обновления
03 июля 2023
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Хабарлама
30 апреля 2024
Өңірлік кадр резервтеріне іріктеу аясында заңнаманы білуге арналған тестілеудің аяқталуы туралы
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
10 ноября 2023
Имущественные наем (аренда)

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы