Алматы қаласының мемлекеттік активтер басқарма басшысының 2026 жылғы 14 сәуірдегі № 514 бұйрығына сәйкес 2026 жылы 28 сәуірден бастап 2026 жылғы 12 маусымға дейінгі кезеңде келесідей бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды:
1) талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Жоспарланған іс-шара бойынша ұсыныстар мен түсініктемелер 2026 жылғы 24 сәуіріне дейін электрондық поштаға қабылданады gosaktiv_almaty@mail.ru және Алматы қ., Республика алаңы, 4, 314 кабинеті, тел. 8 (727) 2251747.