САУДА-САТТЫҚ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

 

«Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» КММ www.e-qazyna.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында Алматы қаласының коммуналдық меншік объектілерін сату бойынша электрондық сауда-саттықтар өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

Алматы қаласының коммуналдық меншік объектілерін сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына (бұдан әрі – Қағида) сәйкес жүзеге асырылады.

 

2025 жылғы 7 қарашада Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат
10:00-ден бастап сағат 17:00-ге дейін өтетін бағаны төмендету әдісі бойынша электрондық аукционға (екінші сауда-саттық) коммуналдық меншіктің келесі объектісі (автокөлік құралы) шығарылады:

 

Теңгерім ұстаушысы: Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Алматы қаласы Еңбек мобильділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Байланыстағы тұлғалар: 8-702-699-20-09

Объектінің орналасқан жері: Алматы қ., Достық к-сі, 85

 

№ р/с

Атауы

Тіркеу нөмірі

Шығарылған жылы

2

Hyundai Accent

855BT02

2015

 

Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады, осыдан кейін қатысушылар берген өтінімдерін кері қайтара алмайды.

Кепілдік жарна бірыңғай оператордың деректемелеріне енгізіледі:

Төлем алушы: «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамы; БСН: 050540004455, КНП: 171; Кбе:16; «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-дағы есептесу шоты (IBAN/ЖСК): KZ946017111000000330; БСК: HSBKKZKX.

Төлемнің мақсаты: Аукционға қатысу үшін кепілдік жарна (кепілдік жарна мөлшеріне банктік қызмет көрсетулердің төлемі кірмейді).

Кепілдік жарна мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың деректемелеріне хабарламада белгіленген нысанда және тәртіппен және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес енгізіледі. Кепілдік жарнаны қатысушы не қатысушының атынан кез келген жеке немесе заңды тұлға енгізеді.

Дата публикации
28 октября 2025