САУДА-САТТЫҚ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

«Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» КММ www.e-qazyna.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында Алматы қаласының коммуналдық меншік объектілерін сату бойынша электрондық сауда-саттықтар өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

Алматы қаласының коммуналдық меншік объектілерін сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына (бұдан әрі – Қағида) сәйкес жүзеге асырылады.

 

2025 жылғы 2 мамырдағы Астана қаласының уақыты бойынша сағат
10:00-ден бастап сағат 13:00-ге дейін өтетін электрондық тендерге (бірінші сауда-саттық) «F Link (ЭФ Линк)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы 100% мөлшеріндегі мемлекеттік қатысу үлесі шығарылады:

            Теңгерім ұстаушысы: «F Link (ЭФ Линк)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

            Байланыстағы тұлғалар: 8-727-2251737, 8-727-2251738.

            Орналасқан жері: Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Розыбакиев көшесі, 259 үй.

 

Кепілдік жарна бірыңғай оператордың деректемелеріне енгізіледі:

Төлем алушы: «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамы; БСН: 050540004455, КНП: 171; Кбе:16; «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-дағы есептесу шоты (IBAN/ЖСК): KZ946017111000000330; БСК: HSBKKZKX.

Төлемнің мақсаты: Тендерге қатысу үшін кепілдік жарна (кепілдік жарна мөлшеріне банктік қызмет көрсетулердің төлемі кірмейді).

Кепілдік жарна мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың деректемелеріне хабарламада белгіленген нысанда және тәртіппен және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес енгізіледі. Кепілдік жарнаны қатысушы не қатысушының атынан кез келген жеке немесе заңды тұлға енгізеді.

Дата публикации
16 апреля 2025