Сенімгерлік басқару және жекешелендіру бөлімі бойынша 2024 жылғы және 2025 жылғы 1 тоқсандағы атқарылған жұмыс туралы есеп

2024 жыл

Сенімгерлік басқару

2024 жылы сенімгерлік басқаруға коммуналдық меншіктің 14 объектісі берілді, оның ішінде 3 объекті электрондық тендер өткізу арқылы жеке тұлғаларға берілді.

Жекешелендіру

2024 жылдың қорытындысы бойынша 2021 жылы бұрын бөліп сатылған, 112 бірлік автокөлік құралдары мен басқа да мүлік пен жылжымайтын мүлік объектілерін жекешелендіруден түскен түсімдер 693,3 млн.теңгені құрады.

 

2025 жыл

Сенімгерлік басқару

2025 жылы электрондық тендер өткізу арқылы коммуналдық меншіктің 2 объектісі кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берілді.

Жекешелендіру

Бүгінгі таңда мемлекеттік мүліктің веб-порталында электрондық сауда-саттықты өткізу туралы хабарламалар жарияланды, олар
2025 жылғы 26 наурызда мынадай мекенжайлар бойынша орналасқан тұрғын үйлерді жекешелендіру бойынша өткізілетін болады:

  • Алматы қаласы, Медеу ауданы, Керей Жәнібек хандары көшесі, 489 үй, бастапқы бағасы 881,8 млн. теңге бағаны көтеруге;
  • Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Қарғалы шағынауданы, 2-көше, 34-үй, бастапқы бағасы 1 381 млн.теңге және ең төменгі бағасы 230 млн. теңге.

Бұдан басқа, «F-Link» ЖШС жарғылық капиталындағы мемлекеттік үлестің 100% жекешелендіру бойынша сату алдындағы дайындық жүргізілуде.

Дата публикации
18 марта 2025