Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді бастау туралы хабарландыру

Алматы қаласының мемлекеттік активтер басқарма басшысының 2025 жылғы 24 ақпандағы  № 439 бұйрығына сәйкес 2025 жылы 10 наурыздан бастап 2025 жылғы 10 сәуіріне дейінгі кезеңде келесідей бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды:

Басқарманың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Жоспарланған іс-шара бойынша ұсыныстар мен түсініктемелер 2025 жылғы 09 наурызына дейін электрондық поштаға қабылданады gos.aktivi_almaty@mail.ru және Алматы қ., Республика алаңы, 4, 314 кабинеті, тел. 8 (727) 2251747.

 

Дата публикации
25 февраля 2025