Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасының 2023 жылдың 3 жартыжылдығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау бойынша аналитикалық анықтама

Кіріспе бөлімі: Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы (әрі қарай - Басқарма) басшысының 2023 жылғы 23 маусымдағы № 1664 бұйрығымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін келесі құрамда жұмыс тобы құрылды:

Жұмыс тобының басшысы – Айтжанов Ж.Ж

Жұмыс тобының мүшелері – Ізбасқанова Г.Е., Арғымбаев Ж.С., Асқар Н.А., Күміспаева М.Ә., Әлиева Г.Т.

Жұмыс тобының хатшысы - Еспенбетова Ә.Б.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 8 тармағына сәйкес, Басқармада 2023 жылғы 3 тоқсаны бойынша келесі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді:

  • Бөлімнің қызметін қлзғайтын гормативтік құқықтық актілерді сыбайдас жемкорлық тәуекелдерін анықтау.
  • ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

Сипаттама бөлімі:

 

Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

 

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды:

Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларында, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 9 шілдедегі № 920 қаулысымен бекітілген (әрі қарай - Қағида);

        Ережеге сәйкес сатып алу-сату шарты ЭЦҚ-ға қол қою арқылы мемлекеттік мүліктің веб-порталында жасалады.

       Қағидалардың 91-тармағына сәйкес жекешелендіру объектісін беру Сатып алушы сатып алу-сату шарты бойынша сату бағасын толық төлеген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей қабылдау-беру актісі бойынша жүргізіледі (қабылдау-беру актісінің жобасын Басқарма қағаз жеткізгіште жасайды және бекітеді).

       Бұл ретте, жылжымалы мүлікті жекешелендіру жағдайында басқарма қызметкерлері бірнеше рет сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне тап болады, өйткені сатып алушылардан осы қабылдау-тапсыру актісін жасау және бекіту процесін ақылы негізде жеделдету туралы ұсыныстар келіп түседі.

     Жою бойынша ұсыныстар: осы Сыбайлас жемқорлық тәуекелін жою мақсатында тізілімнің веб-порталын пайдалана отырып, электрондық форматта қабылдау-беру актілерін жасау және бекіту бөлігінде Қағидаларға өзгерістер енгізуді ұсынамыз (gosreestr.kz). электрондық формат жұмыс уақытын тиімді басқаруға мүмкіндік береді және Мемлекеттік орган мен сауда-саттыққа қатысушылар арасындағы тікелей байланысты болдырмайды.

 

Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

2022 жылғы  қыркүйектегі жағдай бойынша штат саны – 42 бірлікті, нақты саны – 37 бірлікті, Бос орындар саны – 5 құрайды.

 

Басқарма құрылымы бойынша 12 бөлім:

 

Басшылық-4 бірлік.

1.Қаржылық есептілікті шоғырландыру бөлімі-3 бірлік.

2.Коммуналдық ұйымдарды басқару бөлімі-3 бірлік.

3.Сенімгерлік басқару және жекешелендіру бөлімі-3 бірлік.

4.Коммуналдық активтерді басқару бөлімі-3 бірлік.

5.Инфрақұрылымдық активтерді басқару бөлімі-3 бірлік.

6.Тәркіленген мүлікпен жұмыс бөлімі-3 бірлік.

7.Мүліктік жалдау бөлімі-4 бірлік.

8.Мемлекеттік сатып алу мониторингі және Тапсырыс берушілермен жұмыс бөлімі – 3 бірлік.

9.Тауарлар мен қызметтер бойынша Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бөлімі – 3 бірлік.

10.Жұмыстар бойынша Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бөлімі – 3 бірлік.

11.Әкімшілік-құқықтық бөлімі-4 бірлік.

12.Бухгалтерлік есеп бөлімі - 3 бірлік.

 

Мемлекеттік қызметтен босату және теріс себептер бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған фактілер жоқ.

Мемлекеттік қызметке қабылданған барлық қызметкерлер мәлімделген біліктілік талаптарына және функционалдық блоктарға сәйкес келеді.

 

 

Топ басшысы:

 

 

__________________

Айтжанов Ж.Ж.

Топ мүшелері:

 

__________________

 

_________________

 

 

Ізбасқанова Г.Е.

 

 

Арғымбаев Ж.С.

 

 

__________________

Асқар Н.А.

 

 

__________________

 

 

Күміспаева М.Ә.

 

 

__________________

 

 

Әлиева Г.Т.

 

 

Топ хатшысы:

 

__________________

Еспенбетова Ә.Б.

 

Дата публикации
10 ноября 2023