
Қазақстан Республикасы күні қарсаңында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов әріптестерін ұлттық мерекемен құттықтап, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға бағытталған күнделікті еңбегі үшін медицина қызметкерлерінің еңбегін атап өтті.
Қаладағы медициналық ұйымдардың 100-ден астам қызметкері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі атынан марапаттар мен грамоталарға ие болды.
Олардың қатарында «Еңбек ардагері» медалі, «Санжар Асфендияров» төсбелгісі, «Сала дамуына қосқан үлесі үшін» медалі, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар бар.
Әр марапаттың артында кәсібилік, жауапкершілік және өз ісіне деген адалдық тұр. Бұл — медицина қызметкерлерінің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға және Алматы тұрғындарының денсаулығын қорғауға қосқан елеулі үлесінің мойындалуы.
Марат Пашимов әріптестеріне адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және халық денсаулығы жолындағы күнделікті жұмысы үшін алғыс айтып, алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жетістіктерге жетулеріне тілектестік білдірді.
Реанимация бөлімінде 70 күн, өкпені жасанды желдету аппаратында 43 күн, СИПАП әдісімен тыныс алуды қолдау жағдайында тағы 25 күн — ақыры, анасымен көптен күткен қауышу сәті. Алматы қалалық № 2 перинаталдық орталығының мамандары туған кездегі салмағы небәрі 679 грамм болған, шала туған сәбиді аман алып қалды.
Ұл бала 2026 жылғы 8 тамызда жүктіліктің 26 аптасы 6 күнінде дүниеге келді. Анасы орталыққа шұғыл түрде жеткізілді. Қиындалған жүктілік аясында босандыру кесар тілігі операциясы арқылы жүргізілді.
Өмірінің алғашқы минуттарынан бастап нәрестеге қарқынды медициналық көмек қажет болды. Осы уақыт ішінде медицина қызметкерлерінің командасы оның жағдайын тәулік бойы бақылап, қажетті емдеу шараларын жүргізді.
Өмір үшін ұзақ апталарға созылған күрестен кейін көптен күткен сәт те келіп жетті: сәби реанимация бөлімінен шығарылып, анасының қасына орналастырылды.
Қазіргі кезде нәрестенің өмірге келгеніне 75 күн болды. Қазіргі салмағы - 1 800 грамм. Ол үшінші күн қатарынан анасымен бірге болу палатасында жатыр. Отбасы үшін бұл ұзақ уақытқа созылған анасымен бөлек болудан кейінгі көптен күткен жақындық пен қуанышқа толы жаңа кезең.
Туған кездегі 679 грамм — бүгінгі 1 800 грамм. Бұл сандардың артында дәрігерлердің қажырлы еңбегі, тәулік бойғы күтім және күн сайын ширап, нығайып келе жатқан кішкентай өмір тұр.
Бүгінгі таңда Алматы қаласындағы Балалар қалалық клиникалық инфекциялық ауруханасына жатқызылған Республикалық физика-математика мектебінің барлық оқушысы ем қабылдағаннан кейін ауруханадан шығарылды.
2026 жылғы 12 қазаннан бастап стационарға барлығы 58 бала жатқызылған. Дәрігерлер оларға қажетті медициналық көмек көрсетіп, клиникалық хаттамаларға сәйкес ем жүргізді.
Қазіргі уақытта ауруханаға жатқызылған балалардың барлығы ауруханадан шығарылды.
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов азаматтарды қабылдады.
Қосымша ақпарат алу және қабылдауға жазылу үшін call-орталыққа келесі телефондар арқылы хабарласуға болады: +7 700 050 1213; +7 700 050 1312.
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимовтың қатысуымен 2026 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша қала денсаулық сақтау жүйесін дамытудың негізгі мәселелеріне арналған жұмыс кеңесі өтті.
Кеңес қорытындысы бойынша медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, профилактикалық іс-шараларды күшейтуге және Алматы қаласының денсаулық сақтау көрсеткіштерін жақсартуға бағытталған алдағы жұмыс басымдықтары айқындалды.
2026 жылғы қазанның 16-17 аралығында Ташкентте «Колопроктологияның өзекті мәселелері: жетістіктер мен инновациялар» атты III Халықаралық колопроктологтар конгресі өтті. Жиынға Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Беларусь және басқа елдің мамандары қатысты.
Алматылық мамандардың халықаралық конгреске қатысуы кәсіби тәжірибе алмасуға, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және емдеу мен оңалтудың заманауи әдістерін медициналық тәжірибеге енгізуге ықпал етеді.
Қазақстанда ауруларды ерте анықтауға арналған негізгі скринингтік тексерулерден МӘМС мәртебесіне қарамастан тегін өтуге болады. Бұл туралы Алматыдағы №11 қалалық емхананың медбикесі Гүлсім Алмағамбетова еске салды.
Қазақстанда жүрек-қан тамырлары ауруларын, қант диабетін, глаукоманы, сүт безі, жатыр мойны және тоқ ішек пен тік ішек обырын, сондай-ақ В және С вирустық гепатиттерін және басқа да ауруларды ерте анықтауға арналған скринингтер жүргізіледі.
Тексеруден өту мерзімі адамның жасы мен ауру түріне байланысты:
Скринингтен өту үшін тіркелген емханаға хабарласып, биыл қандай тексерулерден өту керегін нақтылауға болады. Медицина қызметкерлері тексеру тәртібін түсіндіріп, қажет болған жағдайда қосымша зерттеулерге жолдама береді.
«Белгілердің пайда болуын күтпей, тексеруден уақытында өтіңіз. Ауруды ерте анықтау емді дер кезінде бастауға және денсаулықты сақтауға мүмкіндік береді», – деді Гүлсім Алмағамбетова.
Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері қан тамырлары қатты зақымданған науқастың оң аяғындағы қан айналымын қалпына келтірді.
Қан айналымын уақытылы қалпына келтіру және инфекцияны емдеу аяқ-қолды сақтап қалу мүмкіндігін арттырады», — деп қорытындылады Султан Илиев.
Қазақстанда скринингтерден уақтылы өтуге, вакцинациялау туралы мәліметтерді тексеруге және көрсетілген медициналық қызметтерді растауға арналған жаңа цифрлық сервистер енгізілуде. 19 қазаннан бастап скринингтер туралы SMS-хабарламалар жіберу пилоттық жобасы іске қосылады, ал ағымдағы жылдың 26 қазанынан бастап еліміздің барлық өңірінде жүргізілген екпелер туралы хабарламалар жіберу жоспарланып отыр.
19 қазаннан бастап Ақмола облысында, Абай және Ұлытау облыстарында 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы скринингтерден өту қажеттігі туралы жеке SMS-ескертулер жіберу жоспарланған.
Жүйе жүрек-қантамыр және онкологиялық ауруларды, қант диабетін, ми қанайналымының бұзылуын және вирустық гепатиттерді ерте анықтауды қоса алғанда, алты бағыт бойынша профилактикалық тексеруден өтуі қажет азаматтарды автоматты түрде анықтайды.
Хабарлама алған азамат тексеруден өту үшін өзі тіркелген емханаға жүгіне алады.
Ағымдағы жылдың 26 қазанынан бастап еліміздің барлық өңірінде жүргізілген вакцинациялау туралы SMS-хабарламалар жіберу жоспарланып отыр. Екпе медициналық ақпараттық жүйеде тіркелгеннен кейін азаматқа немесе баланың заңды өкіліне вакцинаның түрі мен егілген күні көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Егер хабарламадағы мәліметтер шындыққа сәйкес келмесе, азамат 1414 нөміріне жауап хабарлама жіберу арқылы бұл туралы хабарлай алады. Ақпарат тексеру жүргізу үшін Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне жіберіледі.
Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің көрсетілгенін растауға мүмкіндік беретін пациенттерді цифрлық сәйкестендіру жүйесін кеңейтуде.
Ағымдағы жылдың 7 қазанындағы жағдай бойынша тіркелген 135,9 млн қабылдаудың 73%-ы цифрлық сәйкестендіруден өткен.
Қазіргі уақытта бұл тетік медициналық қызметтің 1 278 түрін қамтиды. Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан бастап тізімді консультациялардың, диагностикалық зерттеулер мен медициналық емшаралардың тағы 736 түрімен толықтыру жоспарланып отыр.
Цифрлық сервистерді енгізу профилактикалық тексерулердің қолжетімділігін арттыруға, пациенттердің құқықтарын қорғауға, медициналық деректердің дұрыстығын қамтамасыз етуге және денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың ашықтығын күшейтуге бағытталған.