Бос лауазымға арналған конкурс

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «Қалалық ревматологиялық орталығы» ШЖҚ КМК-ның Бақылау кеңесі директор лауазымына конкурс жариялайды.

Конкурс өткізу мерзімдері: Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттарды қабылдау мерзімі – 02.05.2026 ж. сағат 13:00-ге дейін (Алматы қаласының уақыты бойынша). Әңгімелесу кандидаттарды жіберу туралы шешім қабылданған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде (бекітілген кестеге сәйкес) өткізіледі.

Конкурс өткізу орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, 050060, Алмалы ауданы, Құрманғазы көшесі 98/71, анықтама телефоны: 8-727-292-19-93 (1 қабат, конференц-зал).

Кәсіпорын туралы мәлімет: Атауы: Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «Қалалық ревматологиялық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын). Орналасқан жері: ҚР, Алматы қаласы, 050060, Алмалы ауданы, Құрманғазы көшесі 98/71, Телефон: 8-727-292-19-93, Электрондық пошта: revmatolog.kaz@med.mail.kz

Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: халықтың денсаулығын сақтау бойынша мемлекеттік аумақтық бағдарламаларды іске асыру.

Кәсіпорын директорының негізгі лауазымдық міндеттері: Кәсіпорынның өндірістік, қаржылық-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдер үшін, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуы үшін, сондай-ақ қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері үшін жауапты болады. 

Білуі тиіс: ҚР Конституциясы; ҚР Азаматтық кодексі; ҚР Еңбек кодексі; «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексі; «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексі; «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы; «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы; «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» ҚР Заңы; «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңы.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша жоғары білім; «Денсаулық сақтау менеджменті» немесе «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша сертификат немесе «Денсаулық сақтау», «Бизнес, басқару және құқық» бағыттары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі МВА (executive немесе full-time) дәрежесінің болуы құпталады; Денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымда кемінде 3 жыл еңбек өтілі; Медициналық қызметті жүзеге асыру үшін: дәрігердің бірінші немесе жоғары біліктілік санаты, клиникалық тәжірибеге жіберу үшін маман сертификаты болуы тиіс.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттарды қабылдаудың басталу және аяқталу мерзімдері бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында («Вечерний Алматы», «Алматы ақшамы» газеттері), сондай-ақ Алматы қаласы «Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» КММ-нің ресми интернет-ресурсында хабарландыру жарияланған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде белгіленеді.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  3. білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  4. еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болған жағдайда) немесе еңбек шарты, еңбек шартын жасасу және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінділер не еңбек өтілін растайтын өзге де құжат;
  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  6. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінен соттылығының жоқтығы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарды конкурс жариялаған Кәсіпорынға құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін электрондық түрде келесі мекенжайға ұсынады: revmatolog.kaz@med.mail.kz. 

Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей ұсынылады. Олар ұсынылмаған жағдайда, тұлға әңгімелесуге жіберілмейді.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілікті арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттар, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсынымдар) ұсына алады.

Бос лауазымға арналған конкурс
Дата публикации
20 апреля 2026