Алматы қаласы ҚДБ ШЖҚ «Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қалалық емханасы» МКК Бақылау кеңесі Алматы қаласы ҚДБ ШЖҚ « Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қалалық емханасы » МКК Директорының бос лауазымына орналасуға арналған байқау жариялайды.
Байқауды өткізу күні:
Байқауды өткізу орны: 050012, Алматы қаласы, Алмалы ауданы,Аманкелді көшесі, 41 үй.,эл.пошта pol@med.mail.kz телефон 87017756447, 8 727 -248 -41 - 2
Кәсіпорынның негізгі қызметі – медициналық қызмет
Негізгі лауазымдық міндеттері:
Кәсіпорынның өндірістік, қаржылық-шаруашылық қызметін басқарады, қабылданған басқарушылық шешімге, Кәсіпорынның мүлігінің сақтығына және оның тиімді пайдаланылуына, сонымен қатар қаржылық-шаруашылық қызметтің нәтижесіне жауапты.
Білуі тиіс:
ҚР Конституциясын, ҚР Азаматтық кодексін, ҚР Еңбек кодексін, ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексті, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексін, ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет туралы» Заңын, ҚР «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңын.
Біліктілік талаптары:
«Денсаулық сақтау» мамандарын даярлау саласындағы жоғары білім, «Денсаулық сақтауды басқару» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша біліктілігін арттыру (қайта даярлау) туралы сертификат және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік сертификаты (немесе сертификат);
немесе «Денсаулық сақтау» дайындық саласындағы жоғары білім, «Денсаулық сақтау» немесе «Бизнес және құқық» мамандығы бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе EMBA дәрежесі немесе күндізгі бөлім (күндізгі бөлім);
немесе «Бизнес, менеджмент және құқық» мамандығы бойынша жоғары білім және «Денсаулық сақтау» мамандығы бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе EMBA дәрежесі немесе күндізгі бөлім (күндізгі бөлім);
Денсаулық сақтау менеджерінің сертификаты;
Басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі.
Байқауға қатысуға ниет білдірген тұлға, байқаудың өткізілуі туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде төмендегі құжаттарды тапсыруға тиіс:
Байқауға қатысуға ниет білдіріп отырған тұлға, Кәсіпорынның кадрлық қызметіне құжаттарды пошта арқылы мақсатты түрде немесе электрондық түрде pol@med.mail.kz электрондық пошта мекенжайына 2026 жылдың 27 сәуірге дейін ұсынуы тиіс.
Құжаттардың түпнұсқалары кездесудің басталуына бір сағат қалған уақытқа дейін ұсынылуы тиіс. Ұсынылмаған жағдайда, кездесуге ол тұлғалар кіргізілмейді.
Әнгімелесуге кіргізілетін кандидаттардың тізімі, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының ресми интернет ресурсында https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-densaulyk/?lang=ru орналастырылады.
Байқауда кездесуге жіберілген кандидаттар, кездесуді 2026 жылғы 29 сәуірден бастап 30 сәуір аралықта сағат 11.00 өтеді.