Бос лауазымға арналған конкурс

Алматы қаласы ҚДСБ «16 Қалалық емхана» ШЖҚ КМК Байқау кеңесі Алматы қаласы ҚДСБ «16 Қалалық емхана» ШЖҚ КМК директоры лауазымына іріктеу бойынша конкурс  жариялайды.

Конкурс өткізу мерзімдері: ресми бұқаралық ақпарат құралдарында немесе тиісті саланың уәкілетті органының интернет-ресурстарында жарияланғаннан кейін күнтізбелік он бес күн өткен соң.

Конкурс өтетін орны: Қазақстан Республикасы, 050036, Алматы қаласы, Әуезов ауданы, 12 шағынауданы 19 үй.

Кәсіпорынның атауы: Алматы қаласы ҚДСБ «16 Қалалық емхана» ШЖҚ КМК (бұдан әрі – Кәсіпорын).

Кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050036, Алматы қаласы, Әуезов ауданы, 12 шағынауданы 19 үй, телефоны 8 (727) 303-24-94, пошталық мекенжайы: post@gp16.kz.

Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: халық денсаулығын сақтау бойынша мемлекеттік аумақтық бағдарламаларын іске асыру.

Кәсіпорын директорының негізгі лауазымдық міндеттері:

           Кәсіпорынның өндірістік, қаржылық-шаруашылық қызметтерін басқарады, қабылданған басқарушылық шешімдер, ұйымның мүлігінің сақталуы және тиімді пайдаланылуы, сондай-ақ, қаржылық-шаруашылық қызметтің нәтижелері үшін жауап береді.

Білуі тиісті: 

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңын;  

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

   "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білімі, "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша біліктілікті арттырудан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлік (немесе сертификат) және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік беру туралы куәлік;

      немесе "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білімі, "Денсаулық сақтау" немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе executive МВA (бұдан әрi – ЕМВА (экзекютив ЭмБиЭй)) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;

      немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары білім және "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім; денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты;басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде            3 жыл.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан құжаттарды қабылдау басталатын және аяқталатын мерзімдері: ресми бұқаралық ақпарат құралдарында немесе тиісті саланың уәкілетті органының интернет-ресурстарында жарияланғаннан кейін күнтізбелік он бес күн ішінде.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс туралы хабарландыруда көрсетілген мерзім ішінде келесі құжаттарды ұсынады:

  • конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • ерікті түрде жазылған өмірбаян;
  • білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  • еңбек кітапшасының (егер бар болса) немесе еңбек шартының көшірмесі, жұмысқа қабылдануы және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді-көшірме немесе жұмыс өтілін растайтын басқа да құжат;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы «Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) 075/е үлгідегі медициналық анықтама;
  • Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінен сотталмағандығы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін конкурс жариялаған Кәсіпорынға, хабарландыруда көрсетілген post@gp16.kz электрондық пошта мекенжайына құжаттарын тапсырады.  

Құжаттардың түпнұсқасы сұхбаттасу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен сұхбаттасудан өтуге жіберілмейді.

Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби дайындық деңгейіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпарат бере алады.

Әнгімелесуге кіргізілетін үміткерлердің тізімі, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ресми интернет ресурсында https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-densaulyk/?lang=ru  үміткерлерді қабылдау туралы шешім қабылданған күннен кейінгі келесі жұмыс күні ішінде орналастырылады.

Бос лауазымға арналған конкурс
Дата публикации
04 марта 2026