Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау
басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "№ 5 қалалық емхана" коммуналдық
мемлекеттік кәсіпорны директоры лауазымына конкурстық іріктеу өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
21.01.2026ж.
Алматы қ. ҚДСБ-ның ШЖҚ-ы "№ 5 қалалық емхана" КМК-ы байқау кеңесі директор лауазымына іріктеу бойынша конкурс жариялайды.
Конкурсты өткізу мерзімдері: Басталуы 21.01.2026 ж. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі 04.02.2026ж. (Алматы уақыты бойынша) сағ.13:00мин. дейін. Әңгімелесу кандидаттарды қабылдау туралы шешім қабылданған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде (әңгімелесу кестесіне сәйкес).
Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, 050026, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Макатаев көшесі, 141/77 (2-қабат, кадрлар бөлімінің кабинеті).
Кәсіпорынның атауы: Алматы қ. ҚДСБ-ның ШЖҚ-ы "№ 5 қалалық емхана" КМК-ы (бұдан әрі – Кәсіпорын).
Кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050026, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Макатаев көшесі, 141/77 (2-қабат, кадрлар бөлімінің кабинеті). Тел. +77017309027, эл.пошта:@gkkp5@inbox.ru, shynar_zh78@mail.ru.
Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: халықтың денсаулығын сақтау жөніндегі мемлекеттік аумақтық бағдарламаларды орындау.
Кәсіпорын директорының негізгі лауазымдық міндеттері:
Кәсіпорынның өндірістік, қаржылық-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқару шешімдеріне, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады.
Білуі керек:
ҚР Конституциясын, ҚР Азаматтық кодексін, ҚР Еңбек кодексін, ҚР "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексін, ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексін, ҚР "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңын, ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңын, ҚР "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңын, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығын.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
"Денсаулық сақтау" дайындық бағыты бойынша жоғары білім және "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандығы бойынша біліктілікті арттырудан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлік (немесе сертификат) және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік беру туралы куәлік; немесе "Денсаулық сақтау" дайындық бағыты бойынша жоғары білім және (немесе) "Бизнес, басқару және құқық"; немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру "Денсаулық сақтау" дайындық бағыты бойынша және (немесе) "Бизнес және құқық"; немесе МВА executive немесе full time дәрежесі; денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының болуы; басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
медициналық қызметті (дәрігерлік практиканы) жүзеге асыру үшін - кәсіби құзыреттерінің болуы: дәрігердің біліктілігіне (бейіні бойынша) бірінші (жоғары) біліктілік санатына қойылатын жалпы талаптарға сәйкестігі, клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттарды қабылдаудың басталу және аяқталу мерзімдері: «Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» КММ-нің интернет-ресурстарында жарияланғаннан кейін он бес күнтізбелік күн ішінде.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде мынадай құжаттарды ұсынады:
конкурс өткізу туралы хабарландыруда мынадай құжаттар:
1) конкурсқа қатысу туралы өтінім;
2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4) еңбек кітапшасының (егер бар болса) немесе еңбек шартының көшірмесі, қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтан үзінді көшірме не еңбек өтілін растайтын басқа құжат;
5) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" ҚР Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
6) ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығы жоқ екендігі туралы анықтамасы.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін конкурс жариялаған Кәсіпорынға электронды түрде @gkkp5@inbox.ru, shynar_zh78@mail.ru мекенжайы бойынша құжаттарды тапсырады.
Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталар алдында бір сағаттан бұрын кешіктірмей ұсынылады. Оларды ұсынбаған жағдайда, ол адам әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Конкурсқа қатысушы оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби даярлығы туралы қосымша ақпарат бере алады (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныстар және т.б.).