Бос лауазымға арналған конкурс

Алматы қаласы ҚДСБ ШЖҚ «№2 қалалық емхана» КМК Бақылау кеңесі Алматы қаласы ҚДСБ ШЖҚ «№2 қалалық емхана» КМК (әрі қарай - Кәсіпорын) Директорының бос лауазымына орналасуға арналған байқау жариялайды.

Байқауды өткізу күні:

  • Кәсіпорынға құжаттарды ұсыну 2026 жылғы 19 қаңтарға дейін қоса есептегенде;
  • Бақылау кеңесімен әңгімелесу кандидаттарды кіргізу туралы шешім қабылданған күннен бастап 2026 жылдың 22 қаңтардан бастап 23 қаңтарға дейінгі аралықта.

Байқауды өткізу орны: 050062, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Шухов көш., 37б үй., телефон 8 701 674 45 80.

Кәсіпорынның негізгі қызметі – медициналық қызмет

Негізгі лауазымдық міндеттері:

Кәсіпорынның өндірістік, қаржылық-шаруашылық қызметін басқарады, қабылданған басқарушылық шешімге, Кәсіпорынның мүлігінің сақтығына және оның тиімді пайдаланылуына, сонымен қатар қаржылық-шаруашылық қызметтің нәтижесіне жауапты.

Білуі тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген).

Біліктілік талаптары:

«Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша біліктілікті арттырудан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік беру туралы куәлік (немесе сертификат);

немесе «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау» немесе «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;

немесе «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары білім және «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;

денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты;

басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл. 

Байқауға қатысуға ниет білдірген тұлға, байқаудың өткізілуі туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде төмендегі құжаттарды тапсыруға тиіс:

1) конкурсқа қатысу жөніндегі өтінім;

2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

3) білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;

4) еңбек кітапшасының (егер бар болса) немесе еңбек шартының көшірмесі, қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтан үзінді көшірме не еңбек өтілін растайтын басқа құжат;

5) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) 086/е нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығы жоқ екендігі туралы анықтама.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар конкурсты жариялаған Кәсіпорынға хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғанға күнге дейін электрондық түрде құжаттарды ұсынады.

Конкурсқа қатысушы оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби даярлығы туралы қосымша ақпарат бере алады (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныстар және т.б.).

Байқауға қатысуға ниет білдіріп отырған тұлға, Кәсіпорынның кадрлық қызметіне құжаттарды пошта арқылы мақсатты түрде немесе электрондық түрде zau8686@mail.ru электрондық пошта мекенжайына 2026 жылғы 19 қаңтарға дейін ұсынуы тиіс.

Құжаттардың түпнұсқалары кездесудің басталуына бір сағат қалған уақытқа дейін ұсынылуы тиіс. Ұсынылмаған жағдайда, кездесуге ол тұлғалар кіргізілмейді.

Әнгімелесуге кіргізілетін кандидаттардың тізімі, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының ресми интернет ресурсында https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-densaulyk/?lang=ru орналастырылады.

Байқауда кездесуге жіберілген кандидаттар, кездесуді 2026 жылдың 22 қаңтардан бастап 23 қаңтарға дейінгі аралықта сағат 14.00 өтеді.

Бос лауазымға арналған конкурс
Дата публикации
05 января 2026