Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «№10 қалалық емхана» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны директоры лауазымына конкурстық іріктеу туралы хабарландыру
Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «№10 қалалық емхана» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының Бақылау кеңесі Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «№10 қалалық емхана» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – Кәсіпорын) директорының бос лауазымына конкурс жариялайды.
Конкурс өткізу күні:
Конкурсты өткізу орны: Алматы қ., 050063, Әуезов ауданы, Аксай-4 шағынауданы, 17-үй, телефондар: 8 (727) 238 30 44, 8 (727) 339 56 94, 8 701 555 4634
Кәсіпорынның негізгі қызметі - медициналық қызмет.
Негізгі лауазымдық міндеттер:
Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады.
Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды. Көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.
Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың өзара іс-қимылдарын көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оның қарамағындағы тұлғалардан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.
Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Ұйым қызметін талдау және оның жұмысының көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту бойынша қажетті шараларды қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамасы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді.
Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайларды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмысты үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер етудің басым факторларын айқындайды. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша пәрменді шаралар қабылдайды.
Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуді, санитариялық ережелер мен нормалар мен гигиеналық нормативтердің сақталуын жедел және зертханалық-аспаптық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады.
Ұйым қызметінде, оның ішінде қаржы-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелерінде медициналық этика, заңдылық талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
Қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалармен келісімшарттар, мәмілелер жасайды. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады.
Ұйымды мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта білдіреді. Медициналық этиканың, ішкі еңбек тәртібі талаптарының, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдаланудың орындалуын, өртке қарсы қауіпсіздік пен қауіпсіздік техникасының, санитариялық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді. Ұйымның уақтылы есептілігін қамтамасыз етеді.
Білуі керек:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының Заңы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", Қазақстан Республикасының Заңы "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы", "Дені сау ұлт" әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау" ұлттық жобасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 725 қаулысы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім және "денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша сертификаттау курсынан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік беру туралы куәлік немесе "денсаулық сақтау" және (немесе) "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары білім"немесе" денсаулық сақтау "және (немесе)"Бизнес және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім
немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full time (Фултайм) дәрежесі, Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты, Денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
медициналық қызметті (дәрігерлік практиканы) жүзеге асыру үшін - кәсіби құзыреттердің болуы: бірінші (жоғары) біліктілік санатындағы дәрігердің (бейіні бойынша) біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкестігі, клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты.
Байқауға қатысуға ниет білдірген жеке тұлғалардан құжаттарды қабылдаудың басталу және аяқталу мерзімдері: "Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" КММ интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін он бес күнтізбелік күн ішінде.
Байқауға қатысуға ниет білдірген үміткерлер байқау туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде келесі құжаттарды тапсыруы тиіс:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
3) Білім туралы құжаттардың көшірмелері;
4) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме не жұмыс өтілін растайтын басқа құжат;
5) бұйрықпен бекітілген 075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы";
6) ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген жеке тұлғалар құжаттарды кәсіпорынның кадр қызметіне қолма-қол тәртіппен, пошта арқылы немесе электрондық пошта мекенжайына: polik-ka10@mail.ru, mail@gp10almaty.kz 2025 жылдың 9 желтоқсанына дейін қоса алғанда тапсыруы тиіс.
Түпнұсқа құжаттар сұхбат басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей тапсырылуы тиіс. Оларды тапсырмаған жағдайда сұхбаттан шеттетіледі.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі кандидаттарды қабылдау туралы шешім қабылданғаннан кейінгі келесі жұмыс күні ішінде Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-densaulyk/?lang=ru жарияланады.
Байқауға жіберілген кандидаттар 2025 жылдың 12 желтоқсаны сағат 16:00-де әңгімелесуден өтеді.